00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада шахматтан халықаралық фестиваль басталды

11.07.2023 | 16:30
67
Фото: дереккөз

Елорданың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Астана жұлдыздары» халықаралық шахмат фестивалі басталды, деп хабарлады Elorda.info

Шараны белгілі қазақстандық спортшы, түрлі чемпионаттардың жеңімпазы Динара Сәдуақасова басқаратын Шахмат академиясы өткізіп жатыр.

Фестиваль аясында төрт турнир өтеді: ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогының кезеңі, әуесқойлар, балалар арасындағы бәсеке және блиц-ойын. 

Фестивальге америкалық шахматшы, гроссмейстер Ханс Моке Ниманн, армяндық гроссмейстерлер Шант Саргсян, Мануэль Петросян және қазіргі әйелдер арасындағы Азия чемпионы Дивья Дешмух та қатысып жатыр. Үндістан, Израиль, Украина, Әзербайжан және басқа мемлекеттерден де мықты ойыншылар бар.

Турнирдің жүлде қоры рекордтық сома – 40 миллион теңгені құрады.

Айта кету керек, бұл сома аясында арнайы жүлделер әйелдерге де, шахмат ардагерлері мен балаларға да қарастырылған.

Барлық жаңалықтар