00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Астанада Азия ойындарының жеңімпаздарын қошеметпен қарсы алды

09.10.2023 | 05:30
82
Фото: Сұлтан Сейіт

Астанада Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты жағдайда күтіп алу іс-шарасы өтті, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытай мемлекетінің Ханчжоу қаласында XIX жазғы Азия ойындары өтті. Жарысты Қазақстан құрама командасы 80 медальмен қорытындылады.
Олардың қатарында астаналық спортшылар да бар.

Жарысқа астаналық құрама команданың 5 спортшысы джиу-джитсу және шахмат спорт түрлерінен сынға түсті.

Команданың қоржынында 1 алтын, 1 күміс және шахматтан қазақстандық қыздар құрамасы командалық қола жүлдеге ие болды.

Азия ойындарында джиу-джитсу спорт түрінен сынға түсіп, чемпион атанған астаналық спортшы Нұржан Батырбеков ел қоржынына 10 алтынның біреуін алып келді. Сол сияқты жерлесіміз Галина Дуванова күміс жүлдеге ие болды.

ae992a19-cd0e-4e15-934c-8d1eb031446f.jpg

Барлық жаңалықтар