00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Іздеу

Елордада тоғызқұмалақтан Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына арналған жарыс өтті

31.03.2023 | 17:06
Елорда ақпарат
105

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы және Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен жазушы, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына арналған «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы» атты тоғызқұмалақтан қалалық сайыс өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Сайысқа жалпы білім беру ұйымдарынан 12 (№46 ОМ, №54 МЛ, №19 ОМ, №48 МЛ, №90 МГ, №93 МГ, Бином «Тұран», №78 МГ, №67 МГ, №74 МГ) қала мектептері қатысты.

Сайыс 12-13 жас (ұлдар, қыздар) және 14-15 жас (ұлдар, қыздар) аралығындағы оқушылар арасында өтті.

Тартысты кездесуде 12-13 жас аралығындағы қыздар арасынан 1-орын Азия Тілеумұрат (№54 мектеп-лицей), 2-орын Мәдина Мырзағазы (№90 мектеп-гимназия), 3-орынды Нұржайна Қуанышқызы (№67 мектеп-гимназия) иеленді. Осы жас ерекшелігі бойынша ұлдар арасында Аян Қуаныш (Бином «Тұран») бірінші орынды, Диас Боранбай (№ 90 мектеп-гимназия) екінші орынды, Диас Ануарбек (№86 мектеп-гимназия) үшінші орынды жеңіп алды.

Ал 14-15 жас аралығындағы қыз балалар арасында бірінші орынды Мәдина Сабыржан (№80 мектеп-гимназия), екінші орынды Әлия Ахназар (№86 мектеп-гиназия), үшінші орынды Бибінұр Қайырбек (№78 мектеп-гимназия) иеленсе, ұлдар арасында Ерасыл Құдайберген (№86 мектеп-гиназия) 1-орын, Наурызбай Құрбан (№54 мектеп-лицей) 2-орын, Жарас Дүйсен (№80 мектеп-гимназия) 3-орын жеңіп, жеңімпаз атанды.

Сайысқа «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі ойыншы Гүлнар Базарбаева және тоғызқұмалақ ойынының жанашыры Айсұлу Кәрібайқызы төрешілік етті.

Барлық жаңалықтар