00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен кетуі мүмкін

24.02.2023 | 18:32
Елорда ақпарат
37

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жолдастық матчтан кейін Азамат Айтхожин мен ҚР вице-премьері Ералы Тоғжанов екеуі ұлттық құраманың киім ауыстыратын бөлмесіне кірген. Тоғжановтың ойыншылар бөлмесіне не себепті кіргені белгісіз, алайда ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин футболшыларға кездесуден кейін алғысын білдіріп, қызметінен кететінін айтқан.

Дереккөздің жазуынша, оның отставкаға кетуі ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбековпен әлі келісілмеген, ол әлі көмекшісінің кетуіне келісім бермеген.

«Айтхожиннің орнына «Қазақмыс» басшысының бұрынғы орынбасары – Әділет Барменқұлов келуі мүмкін. Ол соңғы жарты жылда федерацияның атқарушы комитетінің мүшесі болып қызмет етеді. Сонымен қатар, қарағандылық «Шахтердің» директорлар кеңесінің басшысы қызметін атқарады», - делінген ақпаратта.

Барлық жаңалықтар