00:00
Астана -10oC
USD:
467.29
EUR:
501.03
RUB:
5.35
Іздеу

Төреғали Төреәлінің қарындасы ажырасу жайлы өз ойын айтты

03.06.2024 | 16:06
128
Төреғали Төреәлінің қарындасы
фото: instagram.com/farizatoreali/

Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі өзінің Instagram парақшасында ажырасуға қатысты өз пікірімен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info.

Мен стористе опрос жасадым. Сол опростың нәтижесі бойынша көптеген отбасылардың ажырасу себебі – отбасыға адамдардың араласуы, - деді Фариза Төреәлі.

Блогердің күйеуі Дархан да оны қолдап, ажырасудың негізгі себебін айтты. Оның айтуынша, ажырасу тек ер адамға байланысты.

Ажырасудың басты себебі – ер адам. Неге? Себебі үйленгеннен кейін ол баладан ересек позициясына уақытылы көше білу керек. Ол ересек позициясы қандай? Өз-өзіне жауапкершілік алып, сырттан ешкімді кіргізбеу. Менің отбасым, менің өмірім деп өз өміріне жауапкершілік ала білу, - деді ол.

Желі оқырмандары жас отбасының ойларына келісіп, әртүрлі пікірлер қалдырды.

Сана биігінде жолыққандар», «Дархандай ер-азамат жолықсын», «Отбасыларыңызға береке берсін. Бәрі сіздер сияқты ойласа», «Жас та болса, өте білімді жандар, - деп жазды олар.

Аруза Боранбаева

Барлық жаңалықтар