00:00
Астана -10oC
USD:
467.29
EUR:
501.03
RUB:
5.35
Іздеу

Майя Бекбаева желіге суретін жүктеп, сөзге қалды

07.06.2024 | 16:00
109
Майя Бекбаева желіге суретін жүктеп, сөзге қалды
фото: instagram.com/mayabekbayeva

Атақты тележүргізуші Майя Бекбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында демалыстағы суреттермен бөлісіп, желі қолданушыларының сөзіне қалды, деп хабарлады Elorda.info.

Майя Бекбаева Самуи аралына демалысқа барғаннан бері әртүрлі суреттер мен видеожазбалармен бөлісіп жатыр. Жазбалардың бірі оқырмандар арасында қызу талқыға салынды. Бірі оны киімі үшін сынға алса, енді бірі оның сұлулығына тамсанып, жылы лебіздерін білдірді.

«Жастарды неге үйретесіз? Сіз көп адам үшін үлгісіз ғой!», «Қазақтың келініне жараспайтын қылық», «Майя, Майя, дым да ренжімеңізші, кішкене ар-ұятыңызды оятыңызшы», «Кешіріңіз, Майя, сізге ұят емес пе? Түркі әйел үшін бұл ұят нәрсе», «Тамаша! Сондай әдемі әйел», «45 жастағы әйел үшін дене бітімі өте әдемі!», «Неткен сұлу. Жақсы демалыңыз, Майя, - дейді олар.

Нурия Куанышкалиева

Барлық жаңалықтар