00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бағлан Әбдірайымов киносына қанша қаражат жұмсағанын айтты

29.04.2024 | 16:22
245
Бағлан Әбдірайымов
фото: Скриншот: Таир Нұғман бағдарламасы

Әнші Бағлан Әбдірайымов жақында көпшілікке жаңа фильмін ұсынды. Өнер иесі «OZMZ ғой» бағдарламасында бұл киносына 212 млн теңге шығын кеткенін айтты, деп хабарлады Elorda.info. 

Фильмді 20 млн теңгемен бастадық. Алдыға қойған жоспар да жоқ. «Жігітті - намыс, қоянды қамыс өлтіреді» деп, тәуекелмен жасалды. Адам бір-ақ рет өмір сүреді. Дәм-тұзың таусылар шақта жастық шағында істемеген тәуекелің, әттеген-айың іште қалып кетеді екен. Ертең жанымды жеп қоймас үшін, қорқақ адамның рөлінде қалып кетпес үшін намыстанып, Аллаға жүз пайыз тәуекел етіп, кино бастадық. Фильмнің шығыны қазіргі таңда 212 млн теңгеге тоқтап тұр, - деді Бағлан Әбдірайымов.

Сонымен қатар әнші екінші фильмге неліктен көп шығын жұмсалғанын түсіндірді.

Ал фильмнің бірінші бөліміне 148 млн теңге кетті. Екінші фильмді түсіруге 20 млн теңге бар. Сценарий үш айдай жазылды. Фильм түсірілімі 38 күнге әрең сыйды, - деді Бағлан Әбдірайымов.

Барлық жаңалықтар