00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Бақыт Шадаева үшінші күйеуі сотталып кеткенін айтты

25.02.2023 | 04:23
Елорда ақпарат
94

Шадаеваның айтуынша, бірінші күйеуімен ажырасуындағы бірден-бір себеп — қызғаныш.

Бірінші күйеуім мен сияқты өнер адамы болды. Екеуміз бір-бірімізді түсінбедік. Ол балет актері болып жұмыс істеді. Дәл сол сәтте менің жұлдызым жарқырып тұрған еді. Ол мені қатты қызғанатын. Өнерімді қолдамады. Сол себепті ажырастым, – дейді Бақыт Шадаева.

Ал екінші некесінің сәтсіз аяқталуына күйеуінің жиі қол көтеруі себеп болған. Осылайша, онымен де дәм-тұзы жараспаған. Әнші араға бірнеше жыл салып үшінші рет күйеуге шығады. Бірақ Бақыт ол жігітпен азаматтық некеде тұрған. Кәсіпкер жігіт әншінің барлық арман-тілегін орындаған көрінеді.

Бірақ ол жігітке тұрмысқа шықпадым. Азаматтық некеде тұрдық. Екеуміз шетелге жиі шығып жүретінбіз. Екі ай АҚШ-та тұрдық. Сол кезде аяғым ауыр болып қалды. Мен қатты қуандым. Өйткені үлкен қызым 17 жаста болатын. Бірақ сол арада Алматыға келгенде оның проблемалары көбейді. Алаяқтық жасағаны үшін сотталып кетті, — дейді әнші.

Қазір басы бос әншінің қыр соңынан жас жігіттер қалмай жүр екен.

 

Барлық жаңалықтар