00:00
Астана -10oC
USD:
467.29
EUR:
501.03
RUB:
5.35
Іздеу

Мақпал Исабекова ауруханаға түсті

28.05.2024 | 16:07
123
Мақпал Исабекова
фото: instagram.com/makosyai

Танымал әнші Мақпал Исабекова өзінің Instagram парақшасында ауруханаға түскенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Әртістің айтуынша, ол жұмыскерлерді жалдап, үйде қолжетімді жөндеу жұмыстарын бастаған. Жұмыс барысында жұмыскерлердің біреуі техникалық құрылғымен едендегі құбырды зақымдап, үйдің ішін су басқан. Нәтижесінде олар 2 сағаттан аса уақыт су тасқынын тоқтатқан.

Таңертең туған күніме не киіп барамын деп ойласам, кешке уайымның кесірінен ауруханаға түстім. Қазір мен күліп айтып жатырмын, бірақ таңертең көңіл-күйім мүлдем болмады. Жүкті болған кезде барлығы өте қиын көрінеді. Көршілерге су жетпеді, бірақ кейбір жиһаздарым құртылып кетті,- деді Мақпал Исабекова.

Қазір Мақпал Исабекова өз ұлымен бірге үйде. Оқырмандары да әншіні қолдады.

Қолдауларыңызға рақмет. Бізде бәрі жақсы, бұдан да жақсы болады. Қасымдағы балам аман болсын, ішімдегі балам аман-есен дүниеге келсін, өзім аман болайын. Қалғаны реттеледі, - деді Исабекова.

Аруза Боранбаева

Барлық жаңалықтар