00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтың сыйлаған сыйлықтарын көрсетті

11.12.2023 | 10:00
132
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің көзі тірісінде сыйлаған сыйлықтарын көрсетті, деп хабарлады Elorda.info

Өнер иесі үйіне келген қонақтарға мұражайды аралатып, марқұмның тіршілігінде тұтынған заттарын көрсетті. 

Мынау Зәкеңнің соңғы, 40 жасыма сыйлаған сыйлығы. Бір жігіт менен 8 сурет сұрап келді. «Не істейін деп жатыр? Не сыйламақшы?» деп сұрап едім, «Айтпа деп еді...» деп қипақтады. Қоймай сұрап алдым. Сөйтсем, Зәкең менің суреттерімді фарфор ыдыс-аяққа салғызғысы келіпті. «Украинаға тапсырыс беріп жатыр, соған жібермекші» деді әлгі жігіт. Мен Мерейдің 40 күндік шілдесінен шыққан суретімізді, сосын Зәкеңнің 30 жасында түскен суретін қосып беріп жібердім. Сөйтсем, олар Зәкеңнің жас кезіндегі суреті мен менің суретімді қосып, ыдысқа түсіріпті. Зәкең 40 жас туған күнімде сыйлығын ашып, пысылдап, ыдыстардың қорабын аша бергенде ең бетінен үлкен тәрелке шықты. Бетінде Зәкең екеуміздің суретіміз тұр. Шошып кетті. «Ойбай, мына суреттерді кім берген?» деп таңғалды. Сосын мен айттым, «По секрету біліп алдым» деп күлдім. Сонда Зәкең «Әй, осы қатындарды бар ғой... сендерден ештеңе жасыра алмайсың. Сюрпиз сломала» деп күлді. Адамның суреті салынған ыдыс-аяқты қолдануға болмайды екен ғой, сондықтан мен мұны мұражайға естелік, тарих ретінде қойып қойдым, – деді әнші. 

Ерекше сыйлықты көрген әншінің оқырмандары ұқыптылық қасиетін ерекше бағалап жатыр.

«Бірінші отбасында мұндай естеліктер жоқ шығар. Керемет, Мақпал апамыз бәрін сары майдай сақтап отыр. Басқа біреу болса, өзі жоқтың көзі жоқ деп құртып, сатып жіберер еді», «Сырын ұшырмай тап-тұйнақтай ұстап отырған Сізге Алла амандық берсін!», «Мақпал апай әңгіменің майын тамызып айтады», «Заманбек ағамыз әйелін шын сүйген екен, мұндай сыйлықты ойлап жасату екінің бірінің ойына келе бермейді», – деп жазды оқырман. 

Барлық жаңалықтар