00:00
Астана -10oC
USD:
467.29
EUR:
501.03
RUB:
5.35
Іздеу

Бүркіттің әйелі Аиша марапатқа ие болғаны үшін сөзге қалды

24.05.2024 | 15:52
153
Бүркіт пен Аиша
Фото: instagram/berkut_aibekjan

Бүркіт есімімен танымал әнші Айбек Жансейітов өзінің Instagram парақшасында жұбайы Аишаның «Мәдениет саласының үздігі» марапатына ие болған сәтінен видео жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Марапаттау рәсімі кезінде түсірілген бейнежазбаға қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бір жұлдызды жұпты құттықтап, жылы лебізін білдірсе, енді бірі марапатты не үшін бергенін түсінбей, сын пікір қалдырды.

«Неге бізде шын ниетпен адам үшін қуана алмайды? Басқалардың жетістіктеріне қуана білу керек», «Не үшін алды?», «Қай қызметі үшін алды? Өздеріне шығып осындай марапат алу ұят емес пе? Әр адам өзіне «марапатты не үшін аламын?» деген сұрақ қою керек қой»,- деп жазды желі қолданушылары.

Бұл пікірге әнші Айбек Жансейітов жауап берді.

Бұл өте қиын. Бірақ ештеңе етпес. Адамдардың 95%-ы құттықтау жазып отыр. Бұл – жетістік! Сый берсе, демек ол соған лайық. Аиша жиі қатысқан әлеуметтік жобалар бар және ол бұны ерікті негізде, адал жасады. Бұл оның 14 жылда алған  алғашқы марапаты!,- деді ол.

Нурия Куанышкалиева

Барлық жаңалықтар