Сыр елі – түркі мәдениетінің алтын қазығы
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/25_feec589fec.jpg)
Мәдениет - ұлттың мәйегі. Осы сала ұлттың ұлылығын, елдің елдігін айшықтап тұрғандай. Қызылорда облысында мәдениет саласындағы жемісті жетістіктер, толағай табыстар жетерлік. Жыл басынан бері аймақта бірнеше мәдени нысанның ел игілігіне берілуі салаға ерекше серпін берді, деп хабарлады Elorda.info.
Отбасылық құндылықтарды нығайту, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру және заманауи қазақ анасының бейнесін қалыптастыруға бағытталған «Анаға тағзым» және «Отбасы орталығы» мәдени құнды нысандары пайдалануға берілді. Одан бөлек, Қызылорда қаласы әкімдігі жанында үйірме ретінде жұмыс жасап келген «Жастар театры» өз алдына кәсіби ұжым ретінде қайта құрылды, мүмкіндігі шектеулі өнерпаздардың шығармашылығын шыңдауға арналған «Арман» инклюзивті театры іске қосылды. Биыл мәдениет саласындағы тағы бір үлкен жетістік - классикалық өнерді дамыту, көрермендерге концерттерді кәсіби әрі жанды дауыста ұсыну мақсатында облыстық филармонияда кәсіби музыканттардан симфония оркестрі жұмысын бастады. Облыстық жыраулар үйін ашу қолдау тапты.
Сондай-ақ, 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыс әкімінің мәдениет және әдебиет өкілдеріне арналған арнайы «Тұран» сыйлығы алғаш рет табысталып, облыс мәдениет ұйымдарындағы 8 өнер ұжымына 40 домбыра сыйға берілді.
Облыс орталығында 1000 орындық «Өнер» орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында демеушілер есебінен жоба құны 4,8 млрд теңге тұратын 650 орындық музыкалық колледж бой көтереді.
Биыл аймақ басшысының қолдауымен облыстың мәдениет саласындағы 13 маман шет елдерде біліктілігін арттырды. Облыстық филармонияның солистері қазан айында Италия мемлекетінің Анкона қаласындағы Озимо опера академиясында біліктілігін арттырса, қараша айында театр, филармония және халық шағармашылығы орталығының шығармашылық және техникалық мамандары шеберлік дәріске қатысу үшін Беларусь Республикасының Витебск қаласына іссапармен барды. Араға 17 жыл салып, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының Алматы қаласында гастрольдік сапары ұйымдастырылып, шығармашылық сапар аясында театр репертуарындағы 4 үздік қойылым алматылық көрермендерге ұсынылды.
Астана қаласының 25 жылдығына арналған Қызылорда облысының Астана қаласында Өнер күндері жоғары деңгейде өтті.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)