Осы аптада Астанада қандай іс-шаралар өтеді?
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/DJI_0691_1_e247258771.jpg)
Астананың мәдениет мекемелері осы аптада қала тұрғындары мен қонақтарына арнап концерттер, көрмелер, фестивальдер ұйымдастырады, деп хабарлады Elorda.info.
Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету орталығы 10 тамызда сағат 10:00-де «Абай күні» ақпараттық сағатын ұйымдастырады.
Апта бойы, яғни 7-13 тамыз күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Сәкен Сейфуллин мұражайында Абай күніне және Ш.Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған «Абай және Шәкәрім» көрмесі өтеді.
8 тамыз күні сағат 15:00-де №15 бұқаралық кітапхана «Ата заң – ардағым» сұрақ-жауап сағатын өткізеді.
9-13 тамыз аралығында Елордалық цирк манежінде «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі өтеді. Қойылым уақыты: сағат 16:00-ден 18:30-ға дейін.
9 тамыз күні кешкі сағат 19:00-де Астана Опера «Музыкалық демалыс» концертіне шақырады.
10 тамыз күні таңғы сағат 10.00-де Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Сонымен қатар №5 балалар кітапханасында «Абай Құнанбайұлының қуғын-сүргінге ұшыраған туыстары мен ұрпақтары» атты көрме ашылады.
Орталықтандырылған кітапхана жүйесі сағат 11:00-де «Абай – жүрек қалауы даналық белгісі» әдеби-театрландырылған қойылымына шақырады.
Ал №9 кітапханада сағат 16:30-да «Сұлтан Бейбарыс – ұлы мәмлүк» тарих сабағы өтеді.
11 тамыз күні таңғы сағат 11:00-де «Атамекен «Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені халықаралық Жастар күніне орай «Жастар – ел болашағы» атты дәріс өткізеді.
№ 5 балалар кітапханасында «Біз есірткіге қарсымыз» дәрісіне қатысуға болады.
11 тамызда сағат 12:00-де Астана Опера сахнасында «Қар ханшайымы» музыкалық ертегісі көрсетіледі. Сағат 19:00-де мұнда «Марица» опереттасы көрсетіледі. Сонымен қатар, Бейбітшілік және келісім сарайында Данияр Жұмаділов стенд-ап концертімен өнер көрсетеді.
12-13 тамыз күндері сағат 11.00-де Demalys Promenade аллеясынан «Қазақстан күні» монументіне дейін «Армандар орындалатын қала» иммерсивті театры ашылады. Сағат 12:00-де Астана гольф клубының алаңында Satisfaction Fest фестивалі өтеді.
Сондай-ақ осы сенбі және жексенбі күндері сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін қалалық алаңда және Орталық жағалауда Creative summer бағдарламасы, ал Нұр Әлем сферасы алдындағы ЭКСПО алаңында сағат 20:00-ден 23:00-ге дейін Шәмші Қалдаяқов әндерінің фестивалі, сол сияқты классикалық және ұлттық қазақ музыкасының концерті өтеді.
12 тамызда кешкі сағат 18:00-де Астана Операсында «Собака на Сене» музыкалық комедиясы ұсынылады. 13 тамызда сол сахнада сағат 12:00-де «Бременские музыканты» музыкалық ертегісі, Ал сағат 18:00-де «Летучая мышь» опереттасы көрсетіледі.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Астана жайлы әндер жинағы жарық көрді](/img/articles/uploads/n_83d3940539.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)