00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астана жайлы әндер жинағы жарық көрді

19.07.2023 | 07:30
476
Фото: Василий Крась

Бүгін «Elorda aqparat» медиахолдингінде Астана қаласының 25 жылдығына арналған «Ел жүрегі - Астана» ән жинағының таныстырылымы өтті,  деп хабарлады Elorda.info.

ән 2.jpg

Ән жинаққа елорда жайлы 32 шығарма нота және мәтіндермен енгізілген. Шараға осы аттас республикалық байқауда топ жарып, кітапқа әндері енген авторлар бас қосты.

-Жақсы әндер дүниеге келді деп ойлаймыз. Жинаққа енген әндердің  алғашқы музыкалық өңдеуден өткендерін тыңдап көрдік, өте қатты ұнады. Қайсыбірі үлкен сахналарда шырқалар финалды ән болуға лайықты. Алғашқы әндер өз орындаушысын тауып та үлгерді. Ән қоржынына түскен әндер өз тыңдармандарын табады деп ойлаймыз. Ел жүрегінен орын алған «Сағындым Алматымды», «Алматы түні» сияқты әндер сияқты Астана туралы жазылған бұл әндер де ғұмырлы болады деген сенімдеміз, - деді «Elorda aqparat» медиахолдингінің бас директоры Олжас Сыдықбек. 

ккк.jpg

Ол бұл қысқа уақытта нәтиже берген мазмұнды жұмыс екенін, өзге нәрсе ғұмырлы болмаса да, кітаптың өнер тарихы болып қатталып қалатынын айтты. 

«Elorda aqparat» медиахолдингінде басылып шыққан су жаңа кітаптың идея авторы - Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек. Ал редакциялық кеңесте Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов, «Elorda aqparat» медиахолдингінің бас директоры Олжас Сыдықбек және Қазақстан композиторлар одағының төрағасы Серікжан  Әбдінұров болды. Кітап қатты қаппен қапталған, жылтыр парақты, елорданың көрікті жерлері бейнеленген суреттермен безендірілген. Жинаққа «Ел жүрегі – Астана» атты республикалық байқауда топ жарған үздік әндер топтастырылған. 

ән 4.jpg

Ән жинағында композиторлардың әлі көпшілікке таныла қоймаған соңғы жыл бедеріндегі шығармалары мен сиясы кебе қоймаған жаңа туындылары енгізіліп отыр. 

-Бүгін - Қазақстан композиторлар одағы үшін өте қуанышты күн. «Ел жүрегі - Астана» атты Қазақстан композиторларының әндері жинағы  Астананың 25 жылдығына арналған үлкен тарту болып отыр.  Өте қуаныштымын. Бұл өнер адамдары үшін шабыт, жігер, қуаныш, қуат береді. Алда да жақсы-жақсы жобаларымыз болады ғой деп ойлаймыз. Осыған орай Астана қаласының әкімдігіне, «Elorda aqparat» серіктестігіне біздерге осындай қолдау көрсеткені үшін рахмет айтамыз, - деді Қазақстан композиторлар одағының төрағасы Серікжан  Әбдінұров.

ән 3.jpg

Содан соң «Elorda aqparat» медиахолдингінің бас директоры Олжас Сыдықбек ән жинағының тұсаукесеріне қатысушы Қазақстан композиторлар одағының төрағасы Серікжан  Құтымбетұлы, композиторлар Шолпан Қорғанбек, Ертай Сембіұлы, Алтынгүл Шахзадақызы, Сламқожа Қырықыстық, Азамат Есенғазыұлы және осы байқаудың ең жас қатысушысы, 15 жастағы Нұрислам Мәрленұлын Астана қаласы әкімі орынбасары Есет Байкеннің атынан алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ ән авторларына «Ел жүрегі - Астана» ән жинағын сый ретінде табыстады. 

Все новости