00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мемлекет басшысы «Қазақфильм» АҚ төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады

19.08.2023 | 05:00
100
фото: akorda.kz

Кездесуде отандық кинематографияны және жалпы мәдениет саласын  дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасаөз қызметіне сілтеме жасап

Азамат Сатыбалды Президентке «Қазақфильм» қызметіндегі түйткілді мәселелер туралы баяндап, киностудияның статусын көтеруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

 Қасым-Жомарт Тоқаев; 

«Қазақфильмде» заманында отандық кино өнерінің бір шоғыр көрнекті өкілдері еңбек еткенін атап өтті; 

кәсіби киногерлермен қатар, ұлттық интеллигенция, азаматтық қоғам өкілдерінің, аға буын мен жастардың шығармашылық әлеуетін жұмылдыра отырып, аталған саланың қордаланған проблемаларын кешенді әрі дәйекті түрде шешу маңызды екеніне назар аударды;

кино өндірісін креативті индустрияның жеке секторы ретінде қарастыру маңызды екенін айтты.

Мемлекет басшысы отандық кинематографияны одан әрі дамыту мәселесі  айрықша бақылауда болатынын айтты.

Все новости