00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

«Маңғыстаудан мың сәлем, Алаш төрі»: Астанада Маңғыстау облысының күндері басталды

07.11.2023 | 07:00
165
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Астанадағы Маңғыстау облысының күндері туралы Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әбілқайыр Байпақов, Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрының директоры Гүлсина Мирғалиева, Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Эльвира Абланова брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info

Спикерлердің айтуынша, 7-9 қараша күндері өтетін мәдени шара  «Маңғыстаудан мың сәлем, Алаш төрі» деп атылп отыр. Елорда төрінде маңғаз мекеннің мәдени жауһарлары жұртшылық назарына ұсынылып, ата салт, дәп-дәстүрді дәріптеп, ұлттық құндылықты ұлықтаған өлке өнерпаздарының өнері паш етіледі. Үш күнге жалғасатын мәдени-рухани шаралар аясында астаналықтарға арнап театр қойылымдары сахналанып, маңғаз Маңғыстаудың мақамды жыр-дастаны, өңір өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі, сондай-ақ әдеби-сазды кештер мен салтанатты жиындар ұйымдастырылады.

 Үш күнге созылатын шара барысында 7-8 қараша күндері сағат 10.00-12.00 «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының балаларға арналған қойылымдары өтеді. Бүгін  сағат 15.00 Қазақ Ұлттық өнер университеті залында «Мақамы мәшһүр Маңғыстау» күй кеші өтеді. Соынмен қатар сағат 18.30 М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Е. Аманшаевтың «Құбылу» спектаклі қойылады. Шығарманы  Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрының актерлары сахналайды. 

Ертең яғни 8 қараша күні сағат 10.00-17.00 Достық үйінде Маңғыстау өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады. 8 қараша күні сағат 11.00 Достық үйінде «Маңғыстау - ұлттық құндылықтар құндақталған мекен» рухани шарасы өтеді. 8 қараша күні сағат 17.00 Бейбітшілік және келісім сарайында Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің археология, Маңғыстау қазақтарының ХХ ғасырдағы ұлттық киім үлгілері көрмесі, Н. Мұхановтың «Күмбірлейді күмістер» коолекциясынан көрме және қолөнерші Алдаберген Тіленбаевтың сүйектен жасалған картиналарының көрмесі өтеді. 8 қараша күні сағат 19.00 Бейбітшілік және келісім сарайында Маңғыстау облысының Астана қаласындағы мәдени күндерінің ашылу салтанатының гала-концерті өтеді.

9 қараша күні сағат 15.00 Еуразия ұлттық университетінің залында «Ақиық өлке, алғи-жыр» атты маңғыстаулық ақын-жазушылардык әдеби сазды кеші өтеді. 9 қараша күні сағат 18.30 М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрының ұжымы М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні» спектаклін сахналайды. 9 қараша күні сағат 19.00 Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Мерейлі мекен - Мұнаралы Маңғыстау» атты М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің концерті, Маңғыстау күндерінің жабылу салтанаты өтеді.

Все новости