00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордалық театр көрерменге қандай қойылымдар ұсынады?

28.07.2023 | 06:00
103
фото: ticketon.kz

Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Жастар» театры МКҚК басшысының орынбасары Ерболат Елубай айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Тікелей эфирде Ерболат Мағжанұлы алдымен театр қызметі туралы баяндады. Кейін брифинг барысында түскен сұрақтарға жауап берді. 

Көрерменнің «Жыл аяғына дейін қандай премьера күтеміз?» деген сұрағына:

Әрине, бізде 3-4 премьера жоспарлануда. Оның біріншісі заңғар жазушы Әкім Таразидің 90 жылдық мерейтойына орай «Жолы болғыш жігіт» драмасы және «Дон Кихот» қойылымын ұсынамыз. Қазіргі таңда театрымыздың қоюшы режиссері еңбек демалысында, сондықтан да бұл сұрақ әлі де нақтыланады, - деп жауап берді «Жастар театры» МКҚК басшысының орынбасары Ерболат Елубай.

Айта кетейік, «Жастар» театры биыл 100-ден астам қойылым қойды.

Все новости