Елордалық студенттер театры халықаралық фестивальде бас жүлдені иеленді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/Teatr_Shanyrak_v_Ispanii_3397706d93.jpeg)
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Шаңырақ» студенттік театры халықаралық «Sea. Sun. Festival» фестивалінде «Драмалық театр» номинациясы бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Қазақстандық жастар еуропалық көрермендерге режиссер Қуандық Қасымовтың «Қыз Жібек» саунд-драмасының қойылымын қазақ тілінде ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Халықаралық фестиваль Испанияның Льорет-де-Мар қаласында өтті. Онда «Театр» аталымы бойынша 7 мемлекеттен 9 театр ұжымы өнер көрсетті. Қазылар алқасы спектакльдің қойылым деңгейін және ЕҰУ студенттерінің актерлік шеберлігін жоғары бағалады.
Айта кетейік, Еуразия ұлттық университетінің «Шаңырақ» студенттік театры 2011 жылы құрылған. Шығармашылық ұжымда 50-ден астам жас талантты әртіс өнер көрсетеді. Олар көптеген халықаралық байқауларда бірнеше мәрте топ жарған.
«Шаңырақ» – драматург Жолтай Әлмашұлының «Мұңмен алысқан адам» қойылымын ағылшын тілінде сахналаған еліміздегі алғашқы студенттік театр.
Олардың репертуарында – К.Жүнісовтің «Ғашықтар тарихы» комедиясы, Қ.Қасымовтың «Тамаша айым – тамызым» монодрамасы, А.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы, С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдер», «Махаббат қызық мол жылдар», «Желсіз түнде жарық ай», «Ғасыр дерті» секілді басқа да қойылымдар бар.
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Елордада Жамбыл Жабаев туралы көркем фильмнің тұсауы кесілді](/img/articles/0db8363d8e9bdcac8a379af5e9609cfa.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)