Елордада «Қыз Жібек» мюзиклінің премьерасы өтті
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/fc38f6bc_0cda_4377_a3b2_19aafd246bd4_ed5535c7d5.jpg)
Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры халық жазушысы, драматург Ғабит Мүсіреповтің «Қыз-Жібек» этно-фольклорлық мюзикл премьерасын көрермен назарына ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгінгі таңда либреттосын жазушы-драматург Ғ.Мүсірепов, музыкасын халық әндері мен күйлері, халық композиторларының шығармалары негізінде композитор Е.Брусиловский жазған «Қыз Жібек» музыкалық драмасы – ұлттық операмыздың інжу-маржанына айналды.
Музыкалық жас көрермен театрында қойылатын «Қыз Жібек» – этно-фольклорлық мюзикл болып сахналанды.
Премьераға Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Қыз Жібек» кинофильмінің басты кейіпкері Жібектің рөлін сомдаған Меруерт Өтекешова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев және тағы да басқа қонақтар қатысты.
Мюзиклде халық әндері мен күйлері орындалды.
Этно-фольклорлық мюзиклдің желісі – Төлеген мен Қыз Жібек, Бекежан секілді үштаған бейнелердің арасында өтті.
Қойылым соңында театр директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемировпен бірге сахнаға көтерілген қазақ қыздарының сұлулық эталонына айналған Қыз Жібегі – Меруерт Өтекешова театр ұжымына және актерлік құрамға спектакльдің жоғары деңгейде болғандығын атап өтті.
Бүгінгі «Қыз Жібек» мюзикліне мен басымды иемін. Осындай табысты үлкен, одан да басқа рөлдерді ойнап, одан да жоғары деңгейге көтерілуге шын жүректен тілектеспін. Дауыстарыңыз керемет, жоғары деңгейдегі пластика, қыздар мен ұлдар бәрі жалындаған жастар! – деді ол.
Естелік ретінде Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешованың «махаббат» символына айналған ақбоз ат бейнесіндегі мүсіншені басты рөлді сомдаған, Төлеген бейнесіндегі Оразалы Игілік пен Жібек бейнесіндегі Инабат Ризабековаға тарту етті.
Сондай-ақ қойылымды тамашалауға келген көрермендерге өз батасын беріп, театр ұжымына толағай табыс тіледі.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)