00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордада Шәкәрімнің туғанына 165 жылдығына орай танымдық кеш өтті

06.11.2023 | 11:30
153
Фото: дереккөз

Астанадағы  Лев Гумелев атындағы ЕҰУ  «Отырар» ғылыми кітапханасында  ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор,   Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл» атты тарихи танымдық кеш болып өтті, деп хабарлады Elorda.info

Кездесуді Астана қалалық ардагерлер кеңесі мұрындық болуымен оқу орнындағы ардагерлер ұйымы өткізді.  

Жиынға  шәкәрімтанушы ғалымдар мен университеттің ардагерлері және Астана қалалық, Алматы ауданының ардагерлер кеңесінің өкілдері мен жоғары оқу орнының студенттері қатысты. 

маар.jpg

Жас кезімізде біз Шәкәрім есімін білген де жоқпыз, өйткені сол заманда Шәкәрімдей қазақтың ұлы тұлғаларының шығармалары түгіл өздерінің аттарын айтуға тиым салынған еді. Бертіндері Шәкәрімнің аты жарыққа шыға бастағанда, алғаш рет оның «Үш анық» еңбегі шықты. Сөйтсек Шәкәрім жастайынан білімге құмар, көп тілді меңгеріп, өмірге өз ой-пікірімен, ойшыл философиясымен, еңбектерін халқының келешегіне, оның азаттығы мен теңдігіне арнаған   дарынды тұлға екен. 

 Бұндай заңғар биікке самғау көктен түспесе керек, оның жастық шағына көз салсақ-ол Абай атамыздың тәрбиесін көрген, соның өлең жырларын, ақылын бойына дарытып өскен екен.  Сондықтан болар ол жастарға арналған өлең жырларында Абай жолымен жүруді алға тартады. 

Абайдың жолымен жүруге шақыру. Абайдың арман-мұратын білім, ғылым үйренуді, адал еңбек етуді, адамгершілікті, әділдікті ту етіп көтеру, надандыққа, ала ауыздыққа қарсы күресуге бағытталған.

  Шәкәрім –  ұлы гуманист, кеменгер, ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі. Ол Абай дәуірінен бастау алатын ХХ ғасырдың басында кең арнаға түсіп, дамыған демократиялық идеяларды, халықтың азаттығын ту ғып ұстап, ғылым мен техника жетістіктерін игеріп еркін дамуын ансаған қоғамдық қозғалыстың аса көрнекті өкілдерінің бірі деп есептейміз,- дейді алғашқы болып сөз алған Астана қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі, Алматы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Мұстафин 

  Одан кейін Шәкәрім жайлы көп мағлұмат берген филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Негимовтың «Шәкәрімтанудың әдеби қырлары» атты ой толғауы  тыңдаушыларға қатты ұнады. 

Көп мағлұмат алдық. Өзімді студент аудиторясында отырғандай керемет әсерде болдым. Шәкәрім атамыздың біз білмейтін қырларын естідік. Абай мен Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіптердің ісі де, сөзі де, ойы да, қиялы да бірдей адамдар. Шәкәрімнің бар мақсаты мен ар мен намысын, стратегиясын, болашағын зерттеп білген данышпан деп баға берді. Ол ар жолында жүрген рухты адам. Оның рухы ешқашан өлмейді. Әрі Шәкәрім рухы мәңгілік деп сөзін түйіндеді, - ғалым сөзін.

шакрим негимов.jpg

Одан кейін, Республикалық Ардагерлер орталық кеңесі төрағасының орынбасары Көпболсын Бекмағанбет сөз алып, бүгінгі танымдық кеште  Шәкәрім жайлы біле бермейтін деректерді естігеніне ризашылығын білдірді. ҚР Орталық кеңесінің Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтың атынан университеттің ардагерлер үйымына арнайы «Диплом» табыстады. 

Кеш соңында Астана қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сатыбалды Жұмағатов сөз алып Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл» атты тарихи танымдық кездесуді ұйымдастырған Евразия университеті ардагерлер кеңесінің төрайымы Күлзира Искаковаға алғысын айтты.  Осындай тамаша, мазмұны бай, жастарымызға үлгі болатын ұрпақтар сабақтастығын көрсететін кеш жиі өтіп отырса деген тілегін де айтып өтті.   Ол қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есіловтың атынан Алғыс хат пен «АСТАНА-25» атты естелік кітап, гүл шоғын табыстады. 

Все новости