00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордаға Жетісу облыстық театры келеді

12.09.2023 | 09:00
134
Фото: дереккөз

Жетісу облыстық Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры елордаға гастрольдік сапармен келеді, деп хабарлады Elorda.info

Өнер сапары Қазақстанның халық әртісі​ Бикен Римованың 100 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр. Спектакльдер «Жастар театрында» өтеді.  

Елордалықтар 18 қыркүйекте «Қос мұңлық» спектаклін тамашалайды.   

Қойылымда қоғамдағы қарттар мәселесі қозғалады. Актерлер жастар арасында маскүнемдік, нашақорлық індетінің асқынғанын, ата-ана алдындағы перзенттік парыздарын ұмытып, қатыгездікке салынуға не себеп болғандығын айқындап көрсететін болады.   

Сонымен қатар, 19  қыркүйек күні жетісулықтар астаналық көрермендерге «Мұғалім» спекта­клін ұсынады. 

Қазіргі уақытта мұғалімнің оқушы алдындағы мәртебесі төмендеп, ата-аналары балаларына жауапкершілік алуға қорқатын заман болды. «Тәрбие – тал бесіктен» дейтін болсақ, үйдегі әке-шеше, ата-әже беретін тәрбиенің бала бойында ең алғашқы қабылдауы тиіс қажеттіліктер деп білеміз. Ал, мектепке бала сауатын ашып, тәртіпке мойын бұру үшін келеді. «Мұғалімде» осы тақырып арқау болады.

Все новости