Әбу-Насыр әл-Фарабидің қолжазбасы Түркиядан табылды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/d6a457095f2dde69655ec0328bf364b3_1280x720_5adc232e12.jpeg)
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Түркиядан табылған ұлы ойшыл, ғұлама, ғалым Әбу Насыр әл-Фараби қолжазбасының көшірмесін жарыққа шығарды, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлы ойшылдың бірегей қолжазбасы Түркияға жұмыс сапары кезінде Сүлеймания кітапханасынан табылды.
«Музыка саласына кіріспе» еңбегі 1257 жылдың 3 маусымында жарық көрген. Араб тілінде жазылған қолжазба 243 беттен тұрады. Аталған туынды күні бүгінге дейін толық зерттелмеген.
Реставратор маман Жансерік Бейсенқұловтың айтуынша, қолжазбаның көшірмесі табылғаннан кейін үш апта ішінде басып шығарылған.
Қолжазбасы үш бөлімнен тұрады. Еңбекте музыкалық өнердің принциптері, негізгі терминдер және музыка пәні қамтылған. Кітапта музыкалық аспаптар мен әртүрлі әуендердің шығармаларына, категориясына және басқа да аспектілеріне кеңінен тоқталған.
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары былтыр «Архив-2025» жобасы аясында Ресей, Татарстан және Башқұртстан Республикалары, Түркия, Венгрия, Үндістан, Иран Ислам Республикасы, Мысыр және Қатар мемлекеттеріне 11 ғылыми-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Олар тарихи құжаттарды зерттеу және сақтау бойынша түрлі жобаларды іске асырды.
Мамандар отандық және шетелдік архивтер мен музейлерден кітапханалар мен ғылыми орталықтардан Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдарды іздеу-анықтау, көшірмесін алу жұмыстарын жүргізіп, тарихи құжаттардың көшірмелерін елге әкелді.
ҚР МАМ архив, құжаттама және кітап комитетінің төрағасы Қуат Бораштың айтуынша, қазіргі таңда тарихымыздың ақтаңдақ беттерін түгендеп, тың деректермен толықтыру мақсатында елге жеткізілген қолжазбалар мен архивтік құжаттар мамандардың қатысуымен зерттелуде.
Барлық құжаттарды ғылыми айналымға енгізу жоспарланған.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Астана жайлы әндер жинағы жарық көрді](/img/articles/uploads/n_83d3940539.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)