Болгарияда «Ұлы дала әйелдері» фотокөрмесі ашылды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/korme_354e9327c0.jpg)
Софиядағы «Әулие Кирил және Методий» Ұлттық кітапханасында өткен іс-шараға Халық жиналысы депутаттары, дипломатиялық корпус, шығармашылық зиялы қауым, қазақ диаспорасы, болгар жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.
Көрмені ашқан Қазақстанның Болгариядағы Тқтенше және өкілетті елшісі Виктор Темірбаев әйелдердің мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы, оның ішінде Қазақстанның саяси жүйесінде жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар мен қайта құрулар контекстіндегі баға жетпес рөлін атап өтті.
Қазақстандық дипломат жиналған қонақтарды әйелдердің экономикаға, саясатқа, қоғамдық қызметке қатысуын кеңейту жөніндегі мемлекетіміздің жүйелі шараларымен таныстырды. Осы ретте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен парламенттік сайлауда саяси партиялар кандидаттарының тізімінде әйелдер мен жастар үшін 30%-дық квота енгізілгенін атап өтті.
Өз кезегінде, «Әулие Кирил және Методий» Ұлттық кітапханасының директоры Красимира Александрова ұйымдастырылған фотокөрме Қазақстан әйелдерінің дамыған мемлекет құруға қосқан баға жетпес үлесін айқын көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, біздің еліміз әлемдік аренадағы мемлекеттің жауапты мінез-құлқының үлгісін көрсетуде.
Сонымен қатар, фотокөрменің ашылу салтанатына қатысқан дипломатиялық корпустың дуайені, Марокко Елшісі Закия Ел Мидауи және Швейцария Елшісі Раймунд Фурер Қазақстанның гендерлік теңдікті қамтамасыз ету саласындағы жетістіктеріне жоғары баға беріп, Елшіліктің осы іс-шараны ұйымдастыру жөніндегі бастамасының дәлдігі мен уақтылылығын атап өтті.
Қонақтардың назарына тарихтың әртүрлі кезеңдерінде елдегі мәдениет, өнер, ғылым, саясат және спорттың дамуына үлес қосқан қазақ халқының көрнекті әйелдерінің суреттері ұсынылды.
Фотокөрме 20 наурызына дейін жалғасады.
Айтв кетейік, 1879 жылы құрылған «Әулие Кирил және Методий» Ұлттық кітапханасы Болгарияның ең ірі кітапханасы болып табылады. Қазіргі уақытта кітапхананың кітап қорында 8 миллионнан астам кітаптар пен қолжазбалар бар.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)