Қазақстан Осакада өтетін ЭКСПО 2025 көрмесіне қатысады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/korme_zhapon_d63a749945.jpg)
Екі жылдан кейін Жапонияның Осака қаласында өтетін көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, шараны150 елден 28 миллионнан астам адам тамашалайды, деп хабарлайды Elorda.info.
«QazExpoCongress» ҰК» АҚ басшылығының EXPO 2025 Osaka Ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен жұмыс бабындағы кездесуі аясында Қазақстанның көрмеге қатысу шартына қол қойылды. Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан тарапынан шартқа Ұлттық секцияның бас комиссары Дәулет Еркімбаев, Жапония тарапынан қауымдастықтың Бас хатшысы Hiroyuki Ishige, EXPO 2025 Osaka Дүниежүзілік көрмесінің Бас комиссары Koji Haneda қол қойды.
Жапонияда өтетін EXPO 2025 көрмесіне дайындықты бастап кеттік. Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар мен «Өмірлерді құтқару» тақырыптық кластерінде орналасатын павильонымызды толық пысықтаудамыз. Көрменің басталуына екі жыл бар, бірақ іс жүзінде аз уақыт қалды. Көрме 2025 жылдың 13 сәуірінде ашылып, 13 қазанында аяқталады. Ұйымдастырушылардың болжамы бойынша, көрмеге әлемнің 150 елінен 28 миллионнан астам адам келуі тиіс, сондай-ақ 25 халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуы болжанады, – деп атап өтті Д. Еркімбаев.
Естеріңізге сала кетейік, EXPO 2025 өтетін орын Осакадағы Юмешима жасанды аралы болып белгіленді. «Біздің өміріміз үшін болашақ қоғамын құру» атауымен өтетін көрме үш тақырыпшадан тұрады: «Өмірлерді құтқару», «Құқық мен мүмкіндіктерді кеңейту» және «Өмірлерді біріктіру». Көрменің жалпы ауданы шамамен 155 га құрайды. Қазақстан павильоны Италия, Нидерланд, Сингапур және Болгария павильондарымен көршілес орналасатын болады.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)