Астанада «Алпамыс» ұлттық операсы қойылады
![](/img/watch-gray.png)
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінде «Астана Операның» Үлкен залы
сахнасында Кәукен Кенжетаевтың либреттосына Еркеғали Рахмадиевтің
«Алпамыс» ұлттық операсы ұсынылады, деп хабарлады Elorda.info.
«Алпамыс» операсының премьерасы «Астана Операда» екі жыл бұрын
өткен болатын. Либреттоға қазақ халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алатын «Алпамыс батыр» көне жыры арқау болған. Эпикалық қаһарман, батырдың төңірегінде құрылған операның сюжеті махаббатты, сондай-ақ бақыт, еркіндік пен туған жер үшін күресті жырлайды. Осынау батырлық операның қойылымын елордалық театрда режиссер, Ресейдің Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Юрий Александров шебер жүзеге асырғанын айта кетуіміз қажет.
«Астана Опера» солисі Алтынбек Әбілда ҚР Тәуелсіздік күнінде Алпамыстың партиясын орындау екі есе қуаныш екенін айтты.
Алпамыс – тек қазақтың ғана емес, бүкіл түркітілдес халықтардың қаhарманы. Бұл рөлді орындау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Еркеғали Рахмадиевтің операсында Алпамыс бейнесі өте әсерлі көрсетілген. Жер-Ана оған күш-қуат бергендіктен ол жаудың алдында тіс батпайтын және жеңілмейтін батырға айналды. Алпамыс – жақсылықтан үмітін үзбейтін ел перзенті. Бұл вокалдық тұрғыда өте күрделі партия, бейнені сомдау қарқынды дайындық пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Алпамыстың қандай болғанын «Алпамыс батыр» поэмасы мен басқа да дерек көздерінен білуге болады. Әрине, әрбір опера әншісі үшін мұндай тарихи тұлғаның партиясын орындау – үлкен бақыт, оның маған бұйырғанын бақ деп санаймын. Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың арманы, оған қазақ халқы қол жеткізді, сондықтан барлық қазақстандықтарды осынау айтулы мерекемен құттықтаймын! - деді ол.
Айта кетейік, 16-17 желтоқсанда елордалық театрдың солистері Талғат Ғалеев пен Алтынбек Әбілда Алпамыстың бейнесін таныстырса, Гүлбаршынның рөлін Назым Сағынтай (дебют) және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай сомдайды.
Айта кетейік, спектакльдердің басталуы 17.00-де.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Астана жайлы әндер жинағы жарық көрді](/img/articles/uploads/n_83d3940539.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)