00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астана жастар театры жаңа маусымды «Абай-Тоғжан» қойылымымен ашады

31.08.2023 | 06:00
183
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде  «Музыкалық жас көрермен театры» МКҚК директоры Асхат Маемиров брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info

Брифинг кезінде спикер театрдың репертуары және жаңа маусымдағы жоспарлары туралы баяндады. 

IV маусымды 8 қыркүйекте Мұхтар Әуезовтің қойылымымен ашу жоспарланып отыр. "Маусымның шымылдығын халқымыздың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай сахналанған «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен ашамыз»,-деді А.Маемиров. 

Оның айтуынша бүгінгі күнге дейін үш маусымда 52744 көрерменнің назарына 17 спектакль 370 рет ұсынылды. Соның ішінде көпшіліктің көңілінен шыққан «Гауһартас» музыкалық драмасы 4 айдан астам уақыт ішінде 73 мәрте қойылған. Спектакльдегі «Құдаша» халық әні әлеуметтік желілерде 4,5 млн. рет қаралды. «Келші айым» туындысын, сондай-ақ басқа да әндер мен бейнелерді 600-700 мыңға жуық адам тамашалаған. 

Жас көрермен музыкалық театрының директоры атап өткендей, «Құдаша» әнін орындайтын қазақстандық артистер Қытайдың әлеуметтік желі қолданушыларын шабыттандырып, олар осы әнге челлендж жариялаған. Көрермендердің қолдауы және қызығушылығы шығармашылық ұжымға шабыт береді. 

Театр труппасы осы жылдың сәуір айында Батыс Қазақстанда болып, Ақтау, Атырау, Құлсары және Орал қалаларын аралады. Бұл ретте репертуарлық қойылымдар театр сахналарында 35 рет қойылды. Спектакльдерді 16 мыңнан астам көрермен тамашалады.

Маусым айында Түркістанға гастрольдік сапар барысында театр репертуарындағы спектакльдер жеті рет қойылды. Олар шамамен 4000 көрерменді қамтыды,-деп атап өтті театр басшысы. 

Елорданың 25 жылдығын мерекелеу аясында және Республика күні қарсаңында театр артистері Алматы, Тараз және Шымкент қалаларында гастрольдік сапармен өнер көрсетеді.

Қазіргі таңда театрда 176 маман қызмет атқарады. Труппа құрамында-белгілі артистер: Самал Еслямова-71-ші Халықаралық Канн кинофестивалінің лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Асылхан Төлепов – «Ерен еңбегі үшін» Мемлекеттік сыйлығының иегері, Аян Өтепберген –  Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Динислам Нұрмағанбетов – Мемлекеттік стипендия иегері.

Театр директоры және көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Өнертану бойынша PhD докторы, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, «Болашақ» халықаралық президенттік стипендиясының түлегі Асхат Маемиров.

Айта кету керек, Елордалық жас көрермен музыкалық театры Ақтау қаласындағы өткен үшінші халықаралық «Abish Alemi» театр фестивалінің, Астана қаласындағы алғашқы халықаралық "TEATR ALL» фестивалінің лауреаты. 

Все новости