«Астана-Опера» театрында көктем мерекесіне орай бірнеше концерт өтеді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/80_7138085d75.jpg)
6 наурыз «Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы Камералық залында асыл да ару жандардың басты мейрамына арналған «Ты – моя мелодия...» концерті өтеді.
Осы кеште сұлу да сымбатты әйелдер қауымын театр солистері – тенорлар Артур Ғабдиев пен Рамзат Балакишиев және жас баритон Ермек Қасым құттықтайды. Олардың өнерін симфониялық оркестр әртістерінің құрамында Ирина Долгих, Алина Оразтай (скрипкалар), Олеся Морозова (альт), Курванжан Ахатов (виолончель) пен Батырхан Хасенов (контрабас) сүйемелдейді. Фортепиано партиясында – Зәру Жазықбаева мен Айшабибі Асқарова.
9 және 10 наурыз күндері «Piccolo» театры жобасы аясында Дж.Россинидің «Жібек саты» комедиялық операсын солистер және «Құрмет» орденінің кавалері, дирижер Руслан Баймурзиннің жетекшілігіндегі камералық оркестр орындайды. Концерттің бірінші күні Джулияның басты партиясында Astana Opera Халықаралық опера академиясының тыңдаушысы Лейла Аламанова өнер көрсетеді.
14 наурызда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамованың жетекшілігімен Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық хоры көне мереке – Көрісу күніне арналған «Тал бесіктен – жер бесікке...» концертінде өнер көрсетеді.
«Шамшырақ жарығында орындалған музыка» топтамасынан концерт ұлы музыка кемеңгері – Вольфганг Амадей Моцарттың шығармашылығына арналады. 15 наурызда әйгілі австриялық композитордың скрипкаға арналған сонаталарының, сондай-ақ Джузеппе Тартинидің скрипкаға арналған Сонатасының сырлы сазды интерпретациясын «Астана Опера» оркестрінің бірінші скрипкасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов пен пианист Салтанат Әбілханова ұсынады.
«Көктем тынысы» виолончельге арналған музыка кешін 17 наурызда тыңдармандар назарына талантты аспапшылар, өнер саласындағы UMAI-2022 Ұлттық сыйлығының «Үздік музыкалық ансамбль» номинациясы бойынша лауреаттары виолончельші Ермек Құрманаев пен пианист Анара Камельинова ұсынады.
19 наурызда өтетін «Қазақстан композиторлар Одағы шақырады» концерті Қазақстан композиторлар одағының 85 жылдығына орайластырылмақ. «Астана Опера» театрының солистері мен басқа да әртістердің орындауында ұлттық композиторлық мектеп майталмандары мен заманауи авторлардың туындылары шырқалады.
20 наурызда Astana Opera Халықаралық опера академиясы «Наурыз – көктем» концертін ұсынады. Болашағынан зор үміт күттіретін жас вокалистер баршаға сүйікті қазақ халқының әндерінен, ұлттық композиторлардың шығармалары мен әлемдік классиканың жауһарларынан қызықты бағдарлама орындап, көрерменге мерекелік көңіл күй сыйламақ.
23 және 24 наурызда Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен театрдың опера солистері, оркестрі, мимансы және балалар студиясы жас әртістерінің орындауында киелі Самұрық құс жайлы сыр шертетін Тілеуғазы Бейсембектің «Самұрық келген таң» музыкалық ертегісі сахналанады.
27 және 28 наурызда Ц.Кюидің «Етік киген мысық» опера-ертегісі қойылады, қоюшы дирижері – Элмар Бөрібаев.
К.Байсейітова атындағы Камералық залдың көктемнің алғашқы айына арналған репертуарын «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры мен Ресей ынтымақтастығының Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастыратын Н.Римский-Корсаковтың 180 жылдығына орайластырылған «Арнау» концерті түйіндейді. Сахнада театр солистері Әсем Сембина, Артур Ғабдиев, флейташы Балжан Сапарова, сондай-ақ шақырылған әртістер – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Павел Черных, Батыржан Смақов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов және ішекті аспаптар оркестрі құрамында: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Бекмағамбетова, Айя Ғаббасова (скрипка), Леонид Мысовский (альт), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Мұқанов (виолончель) өнер көрсетеді. Фортепиано партиясында – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Раушан Бескембирова.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)