«Астана Балет» Швейцарияда үздік туындыларын паш етеді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/c7282078a7c9c39e1adcbd48e9a2d561_1280x720_eb10bade61.jpg)
Бүгін Швейцарияда Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Астана Балет» театрының гастрольдері басталады, деп хабарлады Elorda.info.
Астаналық ұжым Женеваның Batiment des Forces Motrices мәдениет орталығында үш күн бойы ұлттық және заманауи хореографияның үздік туындыларын паш етеді: А.Алонсоның «Кармен-сюита» балеті, «Тағдыр бұлтарыстары» авторлық спектаклі мен «Ұлы Дала мұрасы» гала-концерті.
Менің ойымша, кез келген гастроль – тәжірибе алмасу, мәдени дәстүрді паш ету. Осы тұрғыдан алғанда Женева біз үшін жаңа қала. Біз көрсететін спектакльдер, сөз жоқ, озық қойылымдар. Женева көрермені де бұл туындыларды зор ілтипатпен қабыл аларына үміттіміз, - деді театр директоры Александр Совостьянов.
Көрерменге Жорж Бизе-Радион Щедрин музыкасына А.Алонсо қойған «Кармен-сюита» балеті көрсетіледі. Бұл – ХХ ғасыр балет өнерінің озық үлгісі. Хореографиялық өнердің жанкүйерлері «Астана Балет» театрының бас балетмейстері Мукарам Абубахриева Карина Абдуллинаның музыкасына қойған «Тағдыр бұлтарыстары» мистикалық спектаклін тамашалай алады.
Сондай-ақ, өнер сүйер қауымға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Тәти мен Мукарам Абубахриева туындыларынан құралған «Ұлы Дала мұрасы» гала-концерті көрсетіледі. Ұлттық болмысымызды би тілімен жеткізетін этнографиялық және бейнелік нақышқа бай туынды театрымызды әйгілеп тұрған дүниеге айналып, Еуропа мен Американың талай көрерменін тамсандырған.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)