«Ақын мен ажал»: Астанада Сәкен Сейфуллиннің өміріне арналған қойылым сахналанды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/Foto_18_f8408cd860.jpg)
Елордадағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Ақжелкен» студенттер театры С. Сейфуллиннің 130 жылдығы аясында ақын Ғазиз Ештанаевтың «Ақын мен ажал» драмалық қойылымын сахналады, деп хабарлады Elorda.info
Қойылымды тамашалауға мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары, университет ұстаздары, студенттер және қала тұрғындары келді.
Спектакльде Сәкен Сейфуллиннің жазықсыз тұтқындалып, абақтыда жатқан азапты күндері, қазақ халқының, ұлт зиялыларының басына түскен қайғы-қасірет пен ашаршылық жылдары суреттеледі. Қойылым режиссерлері Нұрфат Вахитов пен Думан Умаровтардың ерек еңбегін атап өткен жөн. Сәкеннің бейнесін сомдаған экономика факультетінің 4 курс студенті Жангелді Маратов көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Сонымен қатар, Балдырған Аманжолқызы, Аяулым Өтепберген, Еламан Сәдуақасов, Назым Қуантаева, Айсұлу Сыйлағанова, Мөлдір Қуанышбай, Ақжарқын Серікбол, Сымбат Сұралина, Сабина Жексенбай, Шырайлым Жеңіс, Дамира Тоғжанова, Мұхамедьяр Сақтапбаев, Нұржігіт Мелден, Береке Жолтай, Әділ Махамбетов, Айгерім Қайпен, Ұлан Тұрсын, Назерке Қожабекова, Жанна Нұржан, Ұлболсын Орынбасар, Дінмұхаммед Ибрагимұлы, Нұрдәулет Айтмырза секілді студенттер көрерменді шебер ойынымен тәнті етті.
Қойылым соңынан сахнаға шыққан С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы-ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов, мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов, драматург, актер, әнші, сәкентанушы ғалым Қанат Жүнісов студенттердің өнеріне ризашылығын жеткізіп, жас өнерпаздарға шығармашылық табыс тіледі.
Талғат ҚАНАФИН
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)