Үкіметте Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығын тойлауға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді
![](/img/articles/uploads/6401f8ee6d58d003055815_ce20f4bda6.jpg)
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойын тойлау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Кеңеске Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп, Ғылым және жоғары білім, Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Сыртқы істер вице-министрлері және Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстар әкімдерінің орынбасарлары, ЖОО ректорлары, тарихшы-ғалымдар, Жазушылар одағы, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және т. б. қатысты.
Отырыста Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойын атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспары талқыланып, бірауыздан бекітілді.
Мерейтой аясында 500-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда, олардың 50-ге жуығы халықаралық және ұлттық деңгейде өтеді. Бұл іс-шаралар ұлы батырдың мұрасын мәдени-танымдық және ағартушылық бағыттарда насихаттауды көздейді.
Мәселен, Каир қаласында Сұлтан Бейбарыс мешітінің салтанатты ашылуы, Қазақстанның Мысырдағы мәдениет күндері, Түркістан облыстық Ш. Қалдаяқова атындағы филармониясының, «Сүгір» ұлттық аспаптық оркестрінің концерті өтеді.
Сондай-ақ ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымымен бірлесіп Түркітілдес елдердің ақын-жазушыларының шығармашылық жарысын (мүшайра), Каир қаласынан Түркістанға ислам өнері мұражайы қорынан «Мәмлүктер дәуірі» жылжымалы көрмесін өткізу жоспарланып отыр.
Кеңес барысында Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов біздің құндылықтарымызды құрметтеу, әл-Фараби, Абай, Бейбарыс Сұлтан сияқты алып тұлғалардың ұлы істерін дәріптеу ұрпақтар алдындағы ортақ парыз екенін атап өтті.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Астана жайлы әндер жинағы жарық көрді](/img/articles/uploads/n_83d3940539.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)