Биыл елімізде француз тілі мен мәдениеті фестивалі өтеді
![](/img/articles/uploads/63ff09d7ebded485180678_f996ccb9ed.jpg)
Армения, Бельгия, Египет, Канада, Румыния, Франция, Швейцария елдерінің Қазақстандағы елшілері Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Франкофония көктемі – 2023» мәдени іс-шаралар маусымын таныстырды. Халықаралық франкофония күнінің мақсаты – француз тілін ұнататындарды біріктіру, француз мәдениетін насихаттау. Франция ұсынатын іс-шаралар туралы осы елдің Қазақстандағы елшісі Дидье Канесс айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Оның сөзінше, биыл Қазақстанда «Франкофония көктемін» 9 елшілік ұйымдастырады.
Әлемде 320 миллионнан астам адам француз тілінде сөйлейді. Бұл өте көп. Француз тілі 29 мемлекетте ресми тіл мәртебесіне ие, әлемдегі ең көп таралған бесінші тіл. Сонымен қатар француз тілі интернетте қолданылатын төртінші тіл және әлемде ең көп оқылатын екінші тіл болып саналады, – деді елші.
Іс-шаралар Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Өскемен және Шымкент қалаларында өтеді.
Франция франкофонды кино апталығы аясында 9 фильм көрсетеді.
Сондай-ақ 7 наурызда Алматыда «Әйелдердің спорттағы орны» фильмі көрсетіледі, одан кейін әйелдер құқығын сақтау тақырыбында талқылау өтеді.
Елші 2024 жылы Францияда өтетін Олимпиада ойындарына 500 күн қалғанда Алматы қаласында мектеп оқушыларының қатысуымен эстафета ұйымдастыру жоспарланып отырғанын айтты.
Биыл фестиваль бағдарламасына арт-резиденцияны қостық, оның аясында жас француз суретшісі үш ай бойы Алматыда болады. Резиденция аяқталғаннан кейін шығармашылық жұмыстар «Esentai» галереясында көпшілік назарына ұсынылады, – деді Дидье Канесс.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Астана жайлы әндер жинағы жарық көрді](/img/articles/uploads/n_83d3940539.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)