00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Баянды болмады»: Әнші Зарина Омарова жаңа бейнебаянын таныстырды

31.03.2023 | 22:32
Елорда ақпарат
116

Отандық әнші Зарина Омарова қаңтар айының жиырма үшінші жұлдызында жаңа альбомын таныстырып, «Баянды болмады» атты бейнебаянын көрермен назарына ұсынып, тұсаукесер кешін атап өтті.

Бұл кеште Қазақстандық әншілер бас қосып, өнер жолындағы жандар қадірлі қонақ болды. Альбом жайлы өнер иелері мен эстрада әншілері жағымды пікір білдіріп, таңқалғандарын жасырмады. Жиналған жұлдыздар талантты әншінің жаңа бастамасына қолдау көрсететіндерін айтты. Кештің әсерлі эмоция толы болғанын және өз шығармашылықтарына жаңа идея сыйлағанын атап өтті.

Көрерменнің көзайымына айналған Зарина Омарова өз үстаспасы жайында:

Жаңа Қазақстанға сай жаңа Заринаны көре аласыздар, - дейді.

«Баянды болмады» әні әншінің ішкі әлемінен сыр шертеді. Айтуынша, жан дүниесіндегі қобалжу, өміріндегі өзгерістер мен көпшілікке ашып айтпаған жан сыры осы бейнебаянда көрініс тапқан. Бұрынғы әндері мен қазіргі әндерін салыстыра отырып, заманауи бағыттағы оранжировкасымен ерекше екенін айтты. Әннің сапасы мен мазмұны ғана емес, жеке көзқарасының да өзгергенін атап өтті.

Зарина Омарованың өнер жолындағы алғашқы қадамдарының бірі «Әнші балапан», «Жас қанат», «Азия дауысы» сынды байқауларға қатысып, жүлдегер атанудан басталған. Небәрі 19 жасында жарық көрген «Жан гүлім» әнімен тыңдарманның ыстық ықыласына бөленген. Марат Омаров қызын музыка мектебіне берсе де, болашақта әнші атанғанын қаламаған болса керек. Қызының өлең мен өнерге деген ұмтылысын байқаған әке үлкен сахнаға қадам басқан сәтінен бастап қолдауын еш аямайды.

Айта кететін жайт, әнші жақында ғана «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері атанды.

Бағдагүл РАХМЕТҚЫЗЫ

Все новости