00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде түсірілген фильмдерге ұлттық мәртебе беру тәртіптері өзгереді

31.03.2023 | 20:37
Айман Нығмет
132

Мәдениет және спорт министрінің «Фильмді ұлттық деп тану және ұлттық фильм куәлігін беру ережелерін бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізіліледі, деп хабарлады Elorda.info.

Ұсынылып отырған құжат «кинематографиялық қызмет субъектілері», «өтініш беруші» терминдерімен толыққан.

Егер фильмде ҚР Ұлттық тарихындағы, қазіргі өміріндегі оқиғалар бейнелейтін болса, жалпыадамзаттық гуманитарлық, әлеуметтік және адамгершілік проблемаларға, еліміз үшін әлеуметтік-мәдени маңызы бар әлемдік тарихтағы оқиғаларға арналған немесе ҚР халықаралық деңгейдегі имиджі мен беделін нығайтуға ықпал етсе ол кино ұлттық болып танылады, - деп жазылған құжатта.

Айта кетейік, еліміз ратификациялаған халықаралық шарт талаптарына сәйкес, шетелдік кинокомпаниялармен бірлесіп түсірілген фильмдерге де ұлттық мәртебе берілуі мүмкін.

Талқылау 9 желтоқсанға дейін жалғасады.

Все новости