00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Umai сыйлығына қатысуға жүзден астам үміткер өтінім берді

31.03.2023 | 20:06
Елорда ақпарат
84

Мәдениет және спорт министрлігі тағайындаған Umai ұлттық сыйлығына еліміздің түкпір-түкпірінен жүзден астам өтінім түсті, деп хабарлады Elorda.info.

Байқауды өткізу алаңына айналған «Астана Опера» театры ұйымдастыру комитеті қызметкерлерінің айтуынша, өтінімдер барлық номинациялар бойынша бірдей келіп түсуде. Оларға өзіндік бағаны сараптау комиссиясы беретініне қарамастан, ұйымдастыру комитеті қазірдің өзінде жолданған жұмыстарға тәнті болуда. 

Байқаудың барлық қатысушылары: шығармашылық ұжымдар, оқу орындары құжаттарды жинауға жауапкершілікпен қарағаны қуантады, олар өз жұмыстары туралы сауатты жасалған ақпаратты жолдауда, бұған, әлбетте, көңілің толады. Біз республикамыздың барлық дерлік өңірінен өтінімдер қабылдадық. Сосын оларды өңдеп, сараптау комиссиясының мүшелеріне жібереміз, олардың алдында үздіктердің үздігін таңдау міндеті тұр, – деп қорытындылады ұйымдастыру комитетінің қызметкерлері. 

Байқауға өтінімдерді қабылдау 9 желтоқсанға дейін созылады. Ал жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 2022 жылы 23 желтоқсанында «Астана Опера» театрының Үлкен залында өтеді. 

Еске сала кетейік, Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 миллион теңгені құрады. Ол 4 бағыт бойынша тағайындалады: «Театр өнері», «Хореографиялық өнер», «Музыкалық-орындаушылық өнер», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер», олардың әрбіреуінде жеке сыйлықтар анықталған. 

Все новости