00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада «Кармен-сюита» балетінің премьерасы өтті

31.03.2023 | 18:27
Елорда ақпарат
110

«Астана Балет» театрының сахнасында ХХ ғасырдағы балет өнерінің жауһары, Альберто Алонсоның «Кармен-сюита» балетінің премьерасы, бас дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтті, деп хабарлады  Elorda.info.

Балетті астаналық театр сахнасына лайықтап қойған Үлкен театр солисі – Тимофей Лавренюк.

«Кармен-сюита» балеті Ж. Бизенің әйгілі операсының Р.Щедрин транскрипциясындағы хореографиялық нұсқасы. Сюитада бас кейіпкердің тұрмысы, анығында рухани тағдыры суреттелген. Спектакльде Кармен бейнесі махаббат символына айналады. Адал әрі талапшыл, асқақ махаббат. Алайда, кейіпкердің алдынан кездескен ешбір ер адам бұған болмай шығады.

Оқиға бірегей декорацияның фонында өрбиді: сахна кеңістігі ағаштан жасалған жартылай дөңгелек қаша іспетті жасалған. Бір жағынан бұл бұқалармен сайысу орны болғанымен, екінші жағынан, метафоралық тұрғыда өмір алаңын көрсетіп тұрғындай. Адам баласының тағдыр тауқыметі осы алаңқайда орын алады. «Кармен-сюита» ұлы балеринаның есімімен тығыз байланысты екені мәлім, дегенмен, «Астана Балет» сахнасында ол жаңа қырымен көрінгендей.

Спектакльдегі басты партияларды «Астана Балет» театрының әртістері орындады: Кармен – Айнұр Әбілғазина және Айжан Мұқатова, Хосе – Сүндет Сұлтанов және Уэсли Карвальо, Тореро – Байқадам Түнғатаров және Айдан Қалжан.

Премьера Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті.

Все новости