00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

UMAI ұлттық сыйлығына өтінімдер желтоқсан айына дейін қабылданады

31.03.2023 | 17:44
Елорда ақпарат
80

UMAI ұлттық сыйлығын табыстау салтанаты 23 желтоқсанда «Астана Опера» театрында өткізіледі. Бұл туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры директорының орынбасары Төлеубек Әлпиев мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, өтінімдер желтоқсан айына дейін қабылданады, бірақ ол құжаттарды, видеоларды қазірден бастап дайындауға кеңес берді. 

Астана Опера театрының үлкен залында өтетін UMAI ұлттық сыйлығын табыстау тек қатысушылар үшін ғана емес, барша Қазақстанның мәдениет өкілдері үшін айтулы күн болмақ. Әр номинацияға енген кез келген спектакль ұлттық болсын, классикалық немесе заманауи спектакль болсын, оның креативті шешімі болуы тиіс, әрі ол инновациялық элементтерді қамтуы керек. Қойылымдық топтық спектакльдің музыкалық бөлігін ауыстыра алмайтыны түсінікті. Бірақ визуалды бөлігі спектакльдің стенографиясында көркемдік идеясында, артистік шеберлігінде және көзқарас болуы керек, - деді Т.Әлпиев.

Все новости