Шубдаршини Трипати: Қазақстан – Үндістанның Орталық Азиядағы инвестициялық әріптесі
![](/img/articles/uploads/632ab41ca56a8507243491_23811574a3.jpg)
Биыл Үндістан-Қазақстан қатынастары үшін ерекше жыл, Үндістан мен Қазақстан арасындағы екіжақты дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл, сондай-ақ Үндістан тәуелсіздігіне 75 жыл толды, деп хабарлады Elorda.info.
Осы ретте Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Шубдаршини Трипати елордалық журналистермен кездескен еді.
Үндістан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар 2000 жылдан астам қалыптасқан өте көне және тарихи болып табылады. Үнемі және тұрақты түрде тауарлармен алмасу, ең бастысы, ойлармен алмасу және мәдени әсер орныққан. Үндістан – Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі. Дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 22 ақпанда орнатылды. Тұрақты түрде жалғасып келе жатқан аса жоғары деңгейдегі сапарлар біздің қарым-қатынастарымызды жандандырды. Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди 2015 және 2017 жылдары Қазақстанға сапармен келді. Президент Тоқаев 2022 жылғы қаңтарда Үндістан-Орталық Азия саммитіне қатысты.
Экономикалық және сауда қатынастарға келетін болсақ, тұрақты дамып келеді. Қазақстан – Үндістанның Орталық Азиядағы ірі сауда және инвестициялық әріптесі. Пандемияның құбылмалылығына қарамастан, екіжақты тауар айналымы екінші жыл қатарынан 2 миллиард АҚШ доллардан асты. Біз үшін сауданы кеңейтудің үлкен мүмкіндіктері бар.
2009 жылы Үндістан мен Қазақстан стратегиялық әріптес болды. Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық – Қазақстанмен стратегиялық әріптестігіміздің маңызды негізі болып табылады. 2018 жылдан бастап Үндістан мен Қазақстан әскерлері Біріккен Ұлттар Ұйымының туы астында Ливанда бірге қызмет атқаруда. 2015 жылы Үндістан академиялық топтарды және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын ынталандыру үшін Қазақстанда Param Bilim суперкомпьютерін енгізді.
Үндістанның сыртқы саясатында даму әріптестігі үлкен орын алады. Үндістан қазақстандық жастарға арналған стипендияның екі түрін ұсынады – Үндістанның техникалық және экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы (ITEC) және Үндістанның мәдени байланыстар жөніндегі кеңесінің стипендиясы. ITEC бағдарламасы шеңберінде, Үндістан Қазақстанға ауыл шаруашылығы, банк ісі, заң, жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар, инженерия, қалалық жоспарлау, менеджмент және т.б. сияқты әртүрлі мамандық саласында әлеуетті арттыру курстарын ұсынады. 1992 жылдан бастап ITEC бағдарламасы бойынша 1 329-дан астам маман курс бітірді. Ертең ITEC күні атап өтіледі. Бағдарлама барысында стипендия алған қазақстандық студенттер Үндістандағы өз тәжірибелерімен бөліседі. ICCR стипендиялық бағдарламасы аясында Үндістан Қазақстан студенттеріне әртүрлі өнер саласында стипендия ұсынады.
Жақында Нью-Делиде Үндістанның мемлекеттік мәдениет министрі қазақтың ұлы ақыны және философы Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашты.
Білім беру – еліміз арасындағы ынтымақтастықтың келешектегі бағыттардың бірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда 5 300-ден астам үнді студенттері оқиды. Олар негізінен медицина саласында оқиды. Үндістан ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарымен танымал. Қазақстандық студенттер Үндістанға "Үндістанда оқу" бағдарламасы бойынша инженерлік іс және ақпараттық технологиялар бойынша келе алады. Үндістан жылдың кез келген уақытында туризмді ұсынады. Гоа және Тәж-Махал сияқты жерлер қазақстандықтар арасында өте танымал. Үндістан сапалы және қолжетімді медицина және сауықтыру туризмімен өте танымал. Қазақстанның әдемі жерлерін үнді киноиндустриясына енгізу жұмыстары жүргізілуде. Үнді халқы Қазақстанға келген кездегі қазақстандықтардың қонақжайлылығы мен әсем мәдениетімен еске алады. Сондықтан халқымыз арасындағы қарым-қатынастарды жандандыру үшін бізде үлкен мүмкіндіктер бар.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)