00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанада ART-EXPO халықаралық көрмесі ашылды

31.03.2023 | 16:54
Елорда ақпарат
81

Ұлттық музейде өтіп жатқан ART-EXPO халықаралық көрмесінде ТМД-ға мүше мемлекеттердің елеулі жетістіктері, ірі жобалары, маңызды оқиғалары, мәдени іс-шаралары және суретшілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің электронды өнімдерін тамашалауға болады, деп хабарлады Elorda.info.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды ТМД-ның халық шығармашылығы мен мәдени мұрасы жылы деп жариялады. Бүгінгі «ART кеңістігіндегі халық шығармашылығы» көрмесі осы идеяны жүзеге асыру аясында өтуде. Елдер арасындағы мәдени байланыс белсенді дамуда, ел азаматтары бір-бірінің рухани мұрасына шынайы өзара қызығушылық танытуда. Бүгін көрмені аша отырып, Сіздердің назарларыңызға Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Беларусь суретшілерінің, мүсіншілерінің, қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылық жұмыстарымен жақынырақ танысуды ұсынамыз. Көрмеге қойылған экспонаттар келушілердің жүрегін жаулап, ұмытылмас әсер қалдыратынына бек сенімдімін, - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Қазақстан павильонында отандық қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен тоқыма өнері, қыш ісі және зергерлік бұйымдар жасауға арналған шеберлік сабақтары өтеді. Бұдан басқа, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мүдделі құрылымдары мен мәдениет ұйымдары арасында шығармашылық байланыс орнату мақсатында олардың халық шығармашылығы саласындағы жетістіктері таныстырылды.

Сондай-ақ, іс-шара аясында ТМД-ға мүше мемлекеттердің мәдени ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің отырысы, бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

АRТ EXPO – ТМД шеңберіндегі ынтымақтастықты дамытуға, ұлтаралық келісімді нығайтуға, басқа халықтардың мәдениетіне, дәстүріне құрмет көрсетуге бағытталған кешенді іс-шара.

Сондай-ақ, бүгін Ұлттық музейде Қазақстанның төрағалығымен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдени ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің XXХVII отырысы өтті. Тараптар ТМД-ның жоғары органдары бекіткен бірқатар құжаттарды іске асыру мәселелерін, сондай-ақ алдағы іс-шараларға дайындық барысы мен бірлескен жобаларды іске асыруға арналған мәселелерді қарады.

Все новости