00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Эстонияда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған байқау өтті

31.03.2023 | 16:51
Елорда ақпарат
104

Қазақстанның Эстониядағы елшілігінде қазақ ағартушысы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті, деп хабарлады Elorda.info СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқауға қатысушылар белгілі авторлардың өлеңдерін оқу, монолог құрастыру және музыкалық композицияларды жаңғырту бойынша сайысқа түсті. Қазылар алқасы қатысушыларды дауыстың мәнерлілігі, таңдалған шығарманың күрделілігі және музыкалық аспапты меңгеру шеберлігі негізінде бағалады. Шығармашылық жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, олар ұлттық нақыштағы кәдесыйлар түріндегі бағалы сыйлықтар алды.

Конкурстың мақсаты – қазақстандық жазушылардың көркем әдебиеті мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық бірлікті нығайту және патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық мәдениет пен өнерге қоғамдық қызығушылықты арттыру, сондай-ақ жастар арасында оқу мәдениетін дамыту.

Байқауға қатысушылар мен көрермендер мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және Қазақстанмен мәдени байланыстарды сақтау үшін осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Эстониядағы «Атамекен» қазақ қоғамының жетекшісі Айдынай Бұхарбаева атап өткендей, «іс-шара ана тіліне деген қызығушылықты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанда және одан тыс жерлерде танымал отандық мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығын зерделеу ниетін тудырды».

Все новости