Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі Анкарада өнер көрсетті
![](/img/articles/uploads/6311717b306dd138282965_ba15d852c9.jpg)
Қазақстан Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің «Сарбаздар» фольклорлық-этнографиялық тобы Түркия республикасының астанасында ұлт-азаттық күрестегі Ұлы Жеңістің 100 жылдығына арналған музыкалық фестивальде өнер көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстандық делегацияны Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов басқарып барды.
Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркия Республикасын Орталық Азия мен Кавказдың дос және бауырлас елдерімен тіл, тарих және өте бай мәдени мұра байланыстыратынын тілге тиек етті. Бұл қатынастар бүгінгі таңда да нығайып келеді. Ол өнердің ортақ мұра пен мәдени байлық ретінде маңызды екенін зор сеніммен атап өтті.
Фестивальге Әзербайжан, Қазақстан, Кипр, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның этно-фольклорлық ансамбльдері қатысты. Әр ұжым өз мәдениетінің ерекшелігін жан-жақты көрсетуге тырысты.
«Сарбаздар» тобы сахнада «Сарыарқа», «Балбырауын», «Шалқыма», «Ақжелең», «Қайран елім», «Адай» ұлттық туындыларын орындады. Әнші Асқар Нұрқият Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнін және басқаларын шырқады.
Түріктер біздің фестивальге арнайы дайындап әкелген музыкалық сәлемдемеміз – осы елдің туындысы «Түрік әлемін» өте жылы қабылдады, – деді ұжымның көркемдік жетекшісі, майор Дархан Рахымғалиев.
«Сарбаздар» ұжымы еліміздің Қарулы күштерінен басқа жерлерде де танымал екенін айта кеткен жөн. Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі ұлттық мерекелер мен халықаралық фестивальдерге әрдайым қатысады.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)