00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Түркілердің ортақ «паспорты»: Қыдырәлі Моңғолиядан табылған Құтлық қағанның кешені туралы айтты

25.02.2023 | 15:01
Елорда ақпарат
111

Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Халықаралық Түркі академиясының президенті, академик Дархан Қыдырәлі Моңғолия жерінен табылған Құтлық қағанның кешені туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info

Бұл – өте үлкен жаңалық. Білге қаған мен Күлтегіннің әкесі, екінші Түрік қағанатын қайта тірілткен Құтлық қағанның кешені табылды. Бұл барша түркі әлемі үшін, сонымен қатар бүкіл көшпелі жұрт үшін керемет жаңалық. Мұндай қуанышқа біз жүйелі жұмыстардың нәтижесінде бауырлас мемлекеттердің қолдауымен және Моңғолияның жеке қолдауымен, өзара достықпен құралған сенімнің нәтижесінде жетіп отырмыз. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасады. Себебі біз бір ғана кешенді ашып отырмыз, - деді ол.

Қыдырәлінің айтуынша, дәл осындай 9 кешен бар екен.

Біраз жылға жетер жұмыс күтіп тұр. Бұл үлкен кешенді түріктің тасқа басылған алғашқы паспорты деп айтуға болады. Өйткені «түрік» атауы бірінші рет Құтлық қаған жазбасында кездесіп отыр.  Сондықтан бұл киіз туырлықты халықтардың ортақ паспорты десек болады, - деді академик.

Все новости