Қазақстандық қысқаметражды фильм Корея кинофестивалінде көрсетіледі
![](/img/articles/uploads/62f9c2bebfe46514128804_50f3ae3093.jpg)
«Көше ақыны» қысқаметражды фильмі Music film's Landscape секциясында көрсетілмек. Бұл бөлім заманауи музыкалық фильмдерден бастап, әртүрлі музыкалық жанрлар мен музыканттарға арналған фильмдерді, сонымен қатар музыка арқылы әмбебап өмір мен түрлі мәдениеттерді көрсететін барлық картиналармен таныстырады.
«Көше ақыны» фильмінің желісі ұрпақтар арасындағы қақтығыс мәселесін қозғайды. Оқиға айтыста нан тауып жүрген әкесі Таңжарық пен оның ұлы Тұранның арасында өрбиді. Мәселен, рэпке қызығып, түрлі рифмалар мен речитативтерді құрастыратын ұлының өнерін әкесі қабылдамайды. Фильмнің авторлары көрерменге кез келген түсініспеушілікті шешіп, уақыттың жаңа тенденцияларына бейімделуге болатындығын, сонымен қатар ата-бабалар мұра еткен құндылықтарды сақтау керектігін көрсетуге тырысқан.
Өткен жылы «Көше ақыны» АҚШ-та өткен Meihodo International Youth visual Media Festival 4-ші халықаралық кинофестивалінде «Музыкалық бейне» санатында марапатқа ие болды және Annapolis Film Festival көрермендер көзайымы жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ, жыл сайынғы 6-шы Халықаралық Baiqonyr International Short Film Festival қысқаметражды кино фестивалінде картина «Үздік монтаж» номинациясы бойынша үздік танылды.
Еске сала кетейік, 18-ші Халықаралық музыка және кино фестивалі 11-16 тамыз аралығында Чехчон қаласында (Оңтүстік Корея) өтіп жатыр.
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Астана жайлы әндер жинағы жарық көрді](/img/articles/uploads/n_83d3940539.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)