00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мюнхен конференциясына қатысушылар Димаш Құдайбергеннің өнеріне риза болды

25.02.2023 | 07:30
Елорда ақпарат
54

DLD – әлемді цифрландыруға өз үлестерін қосуға тырысатын адамдар үшін құрылған үлкен халықаралық алаң. Онда саясат, ғылым, мәдениет және өнер саласындағы танымал визионерлер өз тәжірибесімен бөліседі. Конференцияға бірнеше жыл бойы қатысып келе жатқан спикерлердің арасында Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг, әнші Леди Гага, Microsoft компаниясының бас директоры Сатья Наделла, Twitter-дің негізін қалаушы Джек Дорси, iPhone өнертапқышы Тони Фаделл және басқалар бар. Сондай-ақ шараға танымал музыкалық орындаушылар шақырылады.

Оқи отырыңыз: ”Аяғы ауырса да, мені мектепке апаратын”: Димаш құдайберген әжесі жайлы айтты (ВИДЕО)

”Дос-Мұқасан” әншісі Димаш Құдайбергеннің қайраткер атағын алғанына қарсылығын білдірді

Mobilium Global компаниясының бас директоры Ральф Саймон бұл жолғы конференцияға Қазақстан әншісі Димаш Құдайбергенді шақыруды ұсынған. Солайша, биыл DLD-дің басты сахнасында алғаш рет қазақ халық аспаптары шырқалды. Димаш Олжас Құрманбектің қобызбен сүйемелдеуімен «S. O. S» және «Stranger» әндерін орындады.

Димаштың өнер көрсетуі аяқталғаннан кейін көрермендер орындарынан атып тұрып, ду қол шапалақ ұрды. Бұл Қазақстан әртістерінің DLD сахнасында алғаш өнер көрсетуі болды, – деп бөлісті Ральф Саймон.

Тағы оқыңыз: Латвияда гүлдің бірегей сортына “Dimash Qudaibergen” атауы берілді

Сондай-ақ Mobilium Global бас директоры жұртшылық домбыра мен қобыздың таңғажайып үніне қайран қалғанын атап өтті.

Менің ойымша, бұл Димаштың нағыз триумфы болды. Айтпақшы, мұны Германияның концерттердің танымал промоутері де айтып өтті. Ол оның (Димаштың – ред.) өнерін тамашалау үшін Берлиннен Мюнхенге арнайы ұшып келді, - деді ол.

Все новости