00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

2023 жылы Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы тойланады

25.02.2023 | 05:19
Елорда ақпарат
113

Мерейтой аясында «Бейбарыс ізімен» атты халықаралық ғылыми экспедицияны ұйымдастыру, 1989 жылы жарық көрген «Бейбарыс сұлтан» көркем фильмін араб және ағылшын тіліне аудару, телехикаялар түсіру, «Шетелдік аудиторияға арналған Қазақстанның қысқаша тарихы» басылымына мәмлүктерге арналған мәліметтерді енгізу, республикалық кітапханаларда тұрақты кітап көрмелерін ашу және әлем музейлерінде Сұлтан Бейбарысқа қатысы бар жәдігерлердің көшірмелерін жинақтау, Мысырға театр гастрольдерімен бару жоспарланып отыр, – деді Ералы Тоғжанов. 

Сонымен қатар ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Бабалар ізімен» және «Тағдыр.Тарих.Тұлға» деректі фильмдер циклінің шеңберінде Бейбарыс сұлтан туралы түсірілген материалдарды республикалық телеарналарда көрсететін болады.

Жалпы ұсыныстар Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын атап өту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысында бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай ескеріледі, – деп толықтырды өз сөзін Ералы Тоғжанов. 

Все новости