00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Ашық аспан астында «Бозоқ» ұлттық паркін құру жобасы таныстырылды

25.02.2023 | 04:12
Елорда ақпарат
71

Семинар жұмысына МСМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Арғынбеков қатысты. М.Арғынбеков "Бозоқ" жобасы еліміздің тарихи-мәдени байлығын дамыту және сақтау үшін перспективалы екендігін және оны Үкімет тарапынан Мәдениет және спорт министрлігі белсенді қолдайтынын атап өтті.

«Бозоқ» музей-қорығының директоры Сәуле Бурбаева ашық аспан астындағы «Бозоқ» ұлттық паркін құру жобасын таныстырды.

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі коллекциялар басқармасы филиалының директоры Азиме Евренсел «Бозоқ» жобасы өзінің бірегейлігімен таңқалдыратынына назар аударды. Тарихи-мәдени мұраның байлығын сақтап қана қоймай, сонымен қатар қарапайым адам үшін өзінің алғашқы келбетін қалпына келтіретін мұндай ауқымды жобалар бүкіл әлемде өте сирек кездеседі.

Қазақстандағы ТІКА үйлестірушісі Хикмет Өзденоулу Түркия тарапынан жобаны іске асыруда ынтымақтастыққа дайындығын білдірді. Хикмет Өзденоулдың ұсыныстарының бірі – тәжірибе алмасу үшін Түркияның музей ісінің жетекші мамандарын Қазақстанға жіберу.

Семинар жұмысында Қазақстанның музей қызметкерлері үшін Түркияның жетекші мәдени және ғылыми орталықтарына тағылымдамалар ұйымдастыру, Түркия Республикасының алдыңғы қатарлы ғылыми және музей орталықтарының реставрациялаудағы, консервациялаудағы халықаралық жұмыс тәжірибесін зерделеу, мәдени мұраны таныстыру саласындағы жетістіктермен танысу мәселелері көтерілді.

Іс-шараға ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, К.Ақышев атындағы археология ҒЗИ, Ә.Марғұлан атындағы археология ҒЗИ өкілдері қатысты.  "Бозоқ" жобасын іске асырудың басты аспектілері және ашық аспан астындағы музейлерде тарихи-мәдени мұраны репрезентациялау жөніндегі ұсынымдар талқыланды.

Қазақстан стратегиялық серіктестердің бірі ретінде Түркиямен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мән береді. "Бозоқ" музей-қорығының құрылуы екі елдің ғалымдарына біздің ортақ тарихымыз бен мәдениетімізді зерттеуге мүмкіндік береді.

Все новости