00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Димаш Құдайберген «Қазақстанның жыл әртісі» атанды

25.02.2023 | 02:06
Елорда ақпарат
73

Ticketon Award – жыл сайын еліміздегі мәдениет, өнер және спорт саласындағы азаматтарды марапаттайтын премия. Биыл да кино, театр, спорт, концерттік қызмет, бизнес және қоғам саласындағы танымал қайраткерлер түрлі номинацияларда ұсынылды. Дауыс беруге барлығы 50 мыңға жуық адам қатысты.

Dimashnews.com cайтының мәліметінше, концерттік қызмет бөліміндегі «Қазақстанның жыл әртісі» номинациясына Imanbek, The Limba, «Ирина Кайратовна» шығармашылық бірлестігі, стендапер Сәуле Юсупова, актер Евгений Чебатков, «Ninety One» тобы, әнші Yenlik және Димаш Құдайберген ұсынылды.
Нәтижесінде «Қазақстанның жыл әртісі» номинациясын Димаш Құдайберген жеңіп алды.

Бұл Димаштың Ticketon Award премиясындағы алғашқы сыйлығы емес. Осыған дейін әнші «Қазақстанның жыл әртісі» және «Жылдың эстрадалық концерті» номинациясында көшбасшы болған.

Все новости