00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Димаш Құдайберген Беларусь астанасында жеке концертін өткізеді (ВИДЕО)

25.02.2023 | 00:13
Елорда ақпарат
91

Достар сіздерге 2 сәуірде «Минск Арена» алаңында менің жеке концертім болатынын қуана хабарлаймын. Баршаңызды қуана-қуана шақырамын. Сіздерді қатты жақсы көремін, құрметтеймін, сіздерді сағындым, - деді ол видеоүндеуінде.

Оқи отырыңыз: Қытай телеарнасында Димаш Құдайбергеннің жаңа әнінің тұсауы кесілді (ВИДЕО)

Айта кетейік, Димаштың ән кешіне танымал ресейлік композитор Игорь Крутой қатысады. Сазгер отандасымыз үшін бірнеше ән жазған болатын. Димаштың тыңдармандары бұл жаңалықты қуанышпен қабылдаған. Олар сүйікті әншісімен кездесер күнді асыға күтетінін жазуда.

«Минскке шақырғаның үшін рахмет! Алақай! Біз барамыз!», «Біз міндетті түрде барамыз! Көріскенше», «Сондай қатты күттік», «Асыға күтудеміз», - деп пікір білдірді әншінің тыңдармандары.

Сондай-ақ Димаш Құдайберген 2022 жылдың 25 наурызында Дубай қаласында да жеке концертін өткізеді. 

Все новости