00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Екінші Димаш қой»: Жігер Ауыпбаев тағы да бір қарапайым жанның жұлдызын жақты (ВИДЕО)

24.02.2023 | 23:09
72

Индиялық қыз тауып алдым. Не деген дауыс. Фонограмма деп ойлап қалмаңыздар. Өз дауысы. Ал мен дауысына сындым. Ойларыңызды жаза отырыңыздар, - деп бөлісті әнші.

Желі қолданушыларының хабарлауынша, видеодағы келіншек – Гүлнар Байсалбаева. Жеке парақшасында 4 баланың анасы екені жазылған.

Көпшілік оның өнеріне тәнті болып, таңдай қақты. Кәсіби әншілерден кем түспейтінін жазды. 

«Керемет дауыс», «Жігер, бұлақтың көзін ашып жүрсің. Үлкен сауап», «Мықты айтады екен, екінші Димаш қой», «Срочно дуэт құрыңыз. Мына дауыспен сахнаны жару керек», «Мәссаған, не деген дауыс. Жигер інім, кім болды бұл сұлу? Тәнті болдым. Керемет. Тек сөзін анық жаттап алу керек және дуэт айтып шықсаң хит болады. Гарантия», «Бұл кім? Не деген дауыс, түрін көрмесем Индияның бір әншісі деп ойлар едім», - деп жылы лебізін білдірді оқырмандар. 

Все новости