Елордада «Бопай ханым» кітабының таныстырылымы өтті
![](/img/articles/uploads/61f7e4abba351732391780_1a19e86f30.jpg)
Іс-шараға белгілі сатирик, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Көпен Әмірбек, жазушы Камал Әлпейісова, кітап авторларының оқырмандары қатысты.
Кейінгі жылдары Бопай ханым тұлғасы қаламгерлердің қызығушылығын тудырды. Жазушы-драматург Роза Мұқанова драма жазып, бұл шығарма былтыр Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында сахналанды. Жазушы Мәди Айымбетовтің «Бопай ханым» романы жарық көрді. Ал Маржан Ершу тарихи тұлға өмірін жыр тілімен өріп шығып, дастан арнады.
Оның айтуынша, Бопай ханым тақырыбына аса көрнекті қаламгер Әбіш Кекілбайұлы түрен салды. «Үркер» және «Елең-алаң» романдарында бейнесіне тоқталды. Белгілі ақын Светқали Нұржанның «Хан кегі» дастанында Бопай ханымға тұтас тарау арналған.
Ал Маржан Ершуға поэманы жазуға жазушы-драматург Роза Мұқанованың драмасы әсерін тигізді. Бірақ драмадағы кейбір ойларымен келісе қоймапты. Дастанды бастамас бұрын архив құжаттарымен, Бопай ханым жайындағы шығармалармен танысып шықты.
Әбілқайыр ханның сүйікті жары Бопай ханымның өз заманында беделі жоғары болды. Кейбір деректерде Әбілқайыр қайтыс болған соң Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасында ол шешуші рөл атқарғаны айтылады. Әбілқайыр қайтыс болған соң Ресей ұлықтары Бопай ханыммен санасқан деген деректер де бар. Бірақ Бопайдың өмірі мен қызметінде ашылмаған сырлар әлі де көп.
Кітаптың таныстырылымында автор мен қатысушылар кейіпкер тұлғасын біраз әңгімеге арқау етті. Бопай ханымның атына қыздарға арналған қазақ-түрік лицейін немесе тіпті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін беруді, моноспектакль қою сияқты ұсыныстарды айтты.
Аманғали Қалжанов
![](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Елімізде балаларға арналған фэнтези жанрындағы фильм түсіріліп жатыр](/img/articles/eb4b9ed4b150b0fed088aeb5547c01c2.jpg)
![«Айбоз» әдеби сыйлығының жүлде қоры белгілі болды](/img/articles/c0a33a36355f43dfc038ee0f401f55c8.jpg)
![«Қазақконцерт» әртістері АҚШ-та өнер көрсетті](/img/articles/0efe4e3062e93ac5a3382081136a03c7.jpeg)
![Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтініш қабылданып жатыр](/img/articles/07485779c69c1f2b3221035500d21617.jpeg)
![Астанада эстрада-симфониялық оркестрінің концерті өтеді](/img/articles/fadf8c0b3a3139739589d02030f4d5bd.jpg)
![Есіл жағалауында «Әуендер толқыны» концерті өтті](/img/articles/245fade700a41c36effe67302d31dbeb.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Қазақстандық театр әртістері Оңтүстік Кореяда өнер көрсетті](/img/articles/5a9ccb6c53c752cdf71aa2c8944225c5.jpg)
![Испаниялық музыканттар «Опералия-2024» фестиваліне қатысады](/img/articles/acbc9ac1576d5217660ff5f972229618.jpg)
![Инклюзивті театр: дипломы жоқ қанатты актерлердің өнер ордасы](/img/articles/cbee92a15c1f511a3726577c4393f19c.jpg)
![Астанада «Тұлғалар – ғажап жандар» кітабының тұсаукесері өтті](/img/articles/527b037c7411ee556a3c39a39e2ebe1b.jpg)
![Алтынбек Нұхұлы: Қаныш қазақтың ғылымынан бөлек руханиятына да ерекше үлес қосқан тұлға](/img/articles/2396b2dbc49a5722910387452bab0466.jpg)
![Хорватиялық балалар Қазақстан туралы деректермен танысты](/img/articles/1c009226bb8144c701a68ad8592ba8b8.jpg)
![16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні](/img/articles/uploads/nauryznama_fad85260f3.webp)
![Олжас Құрманбек: Қобызды бүкіл әлемге дәріптегім келеді](/img/articles/64a7a39f1aaa4b27a87b929f2e447556.jpg)
![«Дәстүр» фильмі: Қоғам пікірі неге екіге жарылды?](/img/articles/uploads/fil_ff541376e5.jpg)
![Димаш Шанхай опера театрының сахнасында өнер көрсетті](/img/articles/fc0fde4c6d49e2c30c26705afb68dd14.jpg)
![Елордада «Бейбарыс» операсының премьерасы қойылды](/img/articles/uploads/gl_8790f036fa.jpg)