00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елорда әкімі Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

24.02.2023 | 20:08
Елорда ақпарат
90

«Бүгін опера әншісі, КСРО және ҚР Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың туған күні! Бибігүл Ахметқызы 92 жасқа толды. Президент Әкімшілігінің басшысы Е.Қошановпен бірге апамызды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтап, алғыс хат табыс еттік», - деп жазды Алтай Көлгінов.

 

Әкімнің айтуынша, Бибігүл Ахметқызы өткен естеліктерімен бөлісіп, жылы лебізін білдірген.

«Әрбір әртіс үшін ісінің жалғасын тапқаны маңызды. Халық әртісі талантты жандардың бірнеше ұрпағын тәрбиелеп, қазақ операсының дамуына және халқымыздың мәдени дамуына баға жетпес үлес қосты. Бибігүл Ахметқызына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледік», - деді әкім.
 

Все новости